ДИКТОР: «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының жанынан «Кітап-Аманат» орталығы ашылды. Мұнда ұлттық, әдеби және мәдени бағыттағы 400-ден астам кітап қойылған. Оларды арзан бағаға сатып алуға және осы жерде оқуға болады. Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпыотандық әдебиетімізді ілгерілетуге бағытталған.

РКС: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге». Партия бастамасымен ашылған орталықта кітаптар сатылып қана қоймай, авторлар мен баспагерлердің қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Жаңа басылымдардың таныстырылымы мен талқылаулар да осы жерде өтеді. Игі шараға арнайы қонақ ретінде келген Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева әбден күреуге түскен кітап оқу мен оны тарату ісінің қайта қолға алынғанына, бұл іске партия бастамашыл болғанына қуанышты екенін жеткізді.

СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Себебі, жасыратын ештеңесі жоқ, бүгінгі жастарымыз кітапты көп оқымайды. Балаларымыздың сана-сезімі, ұзақ уақыт бойы кітап оқумен айналыспайды. Осындай жоба біздің жастарымыздың кітап оқуға деген ынтасын арттыратын, сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыратын құбылыс болады деп ойлаймын. Өз басым мұғалім ретінде осы жобаға барлық жастарды қатысуға шақырамын.

РКС: Мұнда кітап сөрелерінен оқырмандардың талғамына қарай 400-ден астам түрлі жанрдағы еңбекті табуға болады. Орталықтың ашылуына жергілікті жазушылар да, оқырмандар да ризашылықтарын жеткізуде.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚҰДАЙБЕРГЕН, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Ш. Уәлиханов университетінің студенттері бүгін осы орталыққа өзіміздің комиксімізді сыйлағымыз келіп отыр. Бұл комикс Шоқан Уәлиханов жайлы. Оның өмірі жайлы. Оны өзіміздің түлегіміз Шоқан Уәлихановтың өміріне түсіп кетеді. Қызықты, фентези жанрындағы жаңа комикс, оны біз биыл халықаралық байқауда таныстырған болатынбыз. Осы комиксті «Аманат» партиясының кітапханасына тапсыруға келдік.


«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ АШЫЛДЫ


РКС: Бүгін әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті. Облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Берген Беспалинов әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың өңірдің дамуына және қоғамды нығайтуға қосқан үлестерін атап өтті. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айнагүл Балташева әйелдер қанатының кеңесшісі болып сайланды. Шарада жобаның негізгі бағыттары, елімізде әйелдерге қатысты қолға алынған бастамалар таныстырды.

СНХ: БОТА ҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Саналы әйел – табысты ұлт. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы, осындай ұйымдардың құрылуы өте маңызды. Нәзік жандылар еліміздің болашағына, балалардың болашағына бей-жай қарамайды. Әйелдер қанатында көптеген бағыттар қамтылатынына сенімдімін. Бұл ұйымда қабылданған әрбір шешім біздің облыс тарихында үлкен рөл атқарады деп ойлаймын.

РКС: Жаңа құрылған әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріптейді. Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жәрдемдеседі.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ