ДИКТОР: 20 миллионыншы қазақстандықтың Ақмола облысында дүниеге келуіне орай өңірдің белсенді жастары флешмоб ұйымдастырды. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жастар ресурстық орталығы мен жастар ұйымдарынан 30-дан астам жас қатысты.

ИНТЕРШУМ: флеш-мобтан көрініс

РКС: Белсенді жастар Абылайхан алаңына 20 миллионыншы ақмололалық нәрестені құттықтау үшін жиналды. Қолдарына ту ұстаған еріктілер қатар тұрды, бірдей жейде киген жастар би билеп қалалықтарға өнерлерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуында, бұл шара шағын болса да жүрекжарды лебізге толы. Барлығы 30 адам қатысты.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, “ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл шара, яғни осы керемет жаңалық барлығымызға жақында ғана келгендіктен балалардың өзі осындай ниет білдірген болатын. Біздің еліміздің саны 20 миллионға жетіп қалды, сондықтан барлығымыз челледжге атсалысайық деп қолдап, біз бірер минутта дайындалып осы жерде жиналдық.

 РКС: Флешмобқа жастар ресурстық ортылығының белсенділерімен қатар «Думан» педагогикалық жасақ қатысты. Жастар аз уақыт ішінде би дайындапты. Өнер ұжымының деңгейін жиналған қауым жоғары бағалады.

СНХ: АЙНҰР МҰҚАШЕВА, «ДУМАН» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҚ ТӘЛІМГЕРІ: Барша қазақ елін осындай мерекемен құттықтаймын. Жаңа туған нәресте Ақмола облысында туған екен. Бұл өте керемет жаңалық. Қазақстанда енді 20 миллион адам бар, бұл өте жақсы хабар. Біз «Думан» педагогикалық жасақ болып осы мерейтойды қолдап, осында өнерімізді көрсеттік.

РКС: Жалпымемлекеттік челлендж өңірдің басқа аудандарында да ұйымдастырылуда. Статистика жайлы айтатын болсақ, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқы жылдың басында 19 766 807 болса, қыркүйекте 19 944 700 адам болыпты. Яғни, соңғы 8 айдағы өсім 178 мыңға жуық.

ИНТЕРШУМ

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ