ДИКТОР: Мемлекет пен жекеменшік сектордың арасындағы байланыс. Ол қандай да бір жобаны жан-жақты қарастырып, екеуара қаржыландыру мен бірлесіп жүзеге асыруды көздейді. Өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде құны 11,8 млрд. теңге болатын 70-тен астам жоба іске асырылуда.
РКС: Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жобаларды іске асыру халықтың денсаулық деңгейін арттырып, медициналық қызмет көрсету сапасын халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 2020 жылы "Viamedis" серіктестігінің 2 нысаны сенімгерлік басқаруға беріліпті. Атап айтқанда, №1 облыс орталығындағы және Степногорск қалалық емханалары. Сондай-ақ, шаһардағы Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары үшін емханасы бар клиникалық-сауықтыру орталығы салынып, пайдалануға берілді.
СНХ:БАХТИЯР ҚОНҚАБАЕВ, "VIAMEDIS" КЛИНИКАЛЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Емханалар заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Емдеу мекемелері жұмысының жаңа форматын қарастырдық. Бүгінде Сарыарқа шағын ауданындағы сауықтыру орталығына тіркелгендердің саны 17,5 мыңға жуық. Емдеу мекемесі екі ауысымда жұмыс істейді. Мұнда күніне 500-ден астам адам ем алады.
РКС: Клиникалық-сауықтыру орталығы қызметтің барлық түрін көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар екі бөлімшеден тұрады. 60 төсек орынға шақталған.
СНХ: АЙДАНА СҰЛТАНОВА, ОҢАЛТУ ЖӨНІНДЕГІ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН СТАЦИОНАРДЫҢ БАСШЫСЫ: Жалпы оңалту шеңберінде пациенттер ортопедиялық операциялардан кейін сауықтыру емін алады. Әрбір науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмек алуға құқылы. Құрал-жабдықтардың барлығы Ұлыбританиядан сатып алынды. Емдік гимнастика тұрғысында әр пациентке жеке-дара тәсілді ұстануға тырысамыз.
РКС: Денсаулық сақтау саласында құны 5,6 млрд. теңге болатын 6 жоба іске асырылуда. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы үшін 800 миллион теңгеге 30 көлік сатып алынды. Айта кетейік, мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестік көкжиегін кеңейту экономиканың одан әрі өркендеуіне жол ашады. Одан халықтың әл-ауқаты артпаса, кемімесі анық.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ