ДИКТОР: Жақсы ауданында жекпе-жекке, оның ішінде боксқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында аудандағы дене шынықтыру нысандарын аралап, былғары қолғапты сүйетін жастармен де кездесті.
РКС: Жақсы ауданының орталығында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Ғимаратта бассейн, спорт, күрес залы, ойын алаңы болады. Көпсалалы кешеннің басты міндеті – аудан тұрғындарының жыл бойы спортпен шұғылдануына жағдай жасау.
СНХ: БАХТИЯР ҚАСЕНОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні ғимарат құрылысы аяқталды, қазандық салынды, инженерлік желілер тартылды. Ішкі жұмыстар яғни электрмен жабдықтау, сылақ және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдан бері 900 миллион теңге игерілсе, жұмысты толық аяқтау үшін 261 миллион қаражат жетіспейді./
РКС: Құрылыстың ұзаққа созылғанына қарамастан, нысанды келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Тұрсынбек Уәлиев атындағы жекеменшік спорт мектебі көптен бері жұмыс істеп келеді. Күні бүгінге дейін жаттықтырушылар мұнда көптеген кәсіби спортшыны дайындап шығарды. Қазір мұнда 300-ге жуық бала білім алуда. Карина Ибрагимова үлкен бокстағы алғашқы қадамын Жақсы ауылынан бастаған.
интер.шум жаттығудан үзінді
СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Жақсы біздің туған өлкеміз. осы жерде бокстың қыр сырын үйрендік. Осы залға қазір де көптеген қыздар келіп, бізді үлгі тұтуда. Ауылды жерде бос уақытын тиімді өткізу үшін осынай орындардың болғаны өте жақсы. Спортпен шұғылданып, өз ауылын облысқа, елге танымал етеді.
РКС: Спорт кешенінің басты ерекшелігі – дарынды спортшыларға толыққанды жағдай жасау. Осындай шаралардың арқасында Дина Жоламан, Нұрдәулет Жарманов және басқа да көптеген атақты спортшылар алғашқы қадамдарын сәтті бастады. Кешенде республикалық және халықаралық жарыстардың медальдары мен кубоктары сақталған үлкен мұражай бар. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жас дарындармен жүздесіп, оларға спорт саласының өркендеуіне тілектестігін білдірді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ