ДИКТОР: Соңғы әлем чемпионатынан соң Қазақстан боксы құлдырап кетті дейтін әртүрлі пікір қалыптасула. Осы орайда біздің тілшіміз Қазақстанның жазғы 6-шы спартакиадасының алдында Щучинск қаласындағы «Жақсы 2» базасында оқу-жаттығуда жүрген білікті бокс мамандарымен пікірлескен болатын.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Спартакиада алдындағы соңғы жаттығулар ширай түсті.

ИНТЕРШУМ: жаттығу сәті

РКС: Бес облыстың ең мықты боксшылары бас қосқан оқу-жаттығу жиындарында бірнеше тәжірибиелі жаттықтырушы жұмыс істеді.

СНХ: НҰРЛАН АЙТУАРОВ, БАПКЕР (АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ): Ел спартакидасының алдында 5 облыстың боксшылары жиналды. Сондықтан оларды 2 топқа бөлдік. Олардың арасында елге танымал Теміртай Жүсіпов, Оразбек Асылқұлов және сіздердің тағы бір боксшыларының жастар олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен және Атырау обылысының ауыр салмақтағы Сабырғали Аманат бар.

РКС: Қарағандыны ежелден бокс өлкесі деп айтып жүрміз. Өкінішке орай соңғы жылдары кеншілер қаласында да қолғап шеберлерінің тоқырауы сезіледі.

СНХ: ҒАЛЫМБЕК КЕНЖЕБАЕВ, БАПКЕР (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ): Бізде аймақтарда бокс аздап құлдырай бастады. Спортшылар аз. Сондықтан бірнеше өңірдің боксшыларын жинап оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Бұл спаринг қарсыластардың көп болуына септігін тигізеді.

РКС: Кешегі Кеңес кезеңінде Қарағандыдан қанат қағып талай әлемдік додаларда топ жарған Бейбіт Есжановтыңда айтары бар.

СНХ: БЕЙБІТ ЕСЖАНОВ, БОКСТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Қазір әр облыста бокстің деңгейі түсіп барады. Оның себебі спорттың осы түрімен айналысушылардың саны аз. Осы 5 облысты біріктіріп оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Өкінішке орай министрліктің басшылары жиі ауысты. Әрбір жаңалық әкелгенімен оны жүзеге асыра алмады. Қазіргі министр Ермек Маржықпаев кезінде мықты боксшы болған. Сондықтан дұрыс команда жинап, боксты дамытуға ықпал жасайды деген үміт бар.

РКС: Міне, бірнеше күннен бері Астанада бокстан Қазақстанның жазғы спартакиадасы өтуде. Оның барысын еліміздің туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бақылап төрешілердің әділетті шешім шығаруын назарында ұстауда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ