ДИКТОР: Бүгінде өңірде 170-тен астам азамат банкрот деп танылды. Олардың қарыздары шамамен 360 миллион теңгеден асады. Берешектердің көбі Көкшетау қаласының тұрғындарына тиесілі. Көп ретте банкроттық деп тану және қарыздарды есептен шығару ісіне келгенде бәрі бірдей оған қол жеткізе алмайды. Наурыз айынан бері мемлекеттік кірістер органына 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңда соттан тыс және сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты рәсімнің 3 түрі ұсынылған. Соның біріншісі көбірек сұранысқа ие,-дейді мамандар. Соттан тыс банкроттықты банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштарға қатысты ғана қолдануға болады.

СНХ: ӘСЕМ ШӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 80 проценті 1800-ден астам өтініш банкроттық рәсімнің талаптарына сәйкес келмейді. 1 жыл ішінде борышкерлердің төлеп тастағаны, мүлкінің болуы және кредиторлармен борышты реттеу туралы келісімнің болмауы банкроттықты танудан бас тартудың негізгі себептері.