ДИКТОР: Облыс орталығында «Burkit» деп аталатын экшн-фильмінің тұсаукесері өтті. Оны тамашалауға 300-ге жуық әскери қызметші мен сарбаз келді. Әскери фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен түсірілді. Фильм түсіріліміне арнайы жасақ, әскери техника мен авиация, сондай-ақ 200-ден астам белсенді әскери қызметші қатысқан. Үш достың хикаясын баяндайтын «Бүркіт» картинасының басты мақсаты - кейіпкерлер арқылы отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау.

СНХ: БАҚДӘУЛЕТ ОРЫНБАСАРОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ РОТА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл кинода баяндалатын оқиға ол 3 достын күнделікті оқиғасы. Сондай-ақ, күнделікті қызмет барысында қауіпті қылмыскерлермен кездесуі қиындықтары жайлы айтылған. Бұл киноның басты мақсаты менің ше арнамыс, достық, патротизм, Отанды қорғау срндай-ақ, өзінің әсер антымен қызмет борыштарына адал болуға арналған.