ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Патриотизм - мемлекеттілікті сақтаудың негізгі кепілі. Сондықтан, қазақстандықтар арасында патриоттық сананы тәрбиелеу басты міндеттердің бірі болып табылады. Оның бірқатар бағыттары бар, атап айтсақ: адамгершілік, құқықтық, әлеуметтік, педагогикалық, әскери-патриоттық, рухани мәдениетті тәрбиелеу,-деген болатын. Бұл ретте. облыс тұрғындары арасында отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

РКС: Әлемдік тенденциялар өзгерсе де, патриотизмнің рөлі әрқашан мемлекет іргетасы болып қала береді. Себебі бұл бүкіл қазақстандық қоғамдастықтың негізгі құрамдас бөлігі. Облыс орталығында бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінген.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы Көкшетауда жастар мен қала тұрғындары арасында патриотизмді дамыту және оны насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Патриотизм дегеніміз туға қарап, қолды жүрек тұсына қойып, Әнұран айту ғана емес. Бұл, әдетте, өз ісіне берілгендік, оны жақсы орындау, заңды, мәдениетті сақтау, өз жерін, өз елін сүю. Қазір әскери патриотизмді дамытуға бағытталған түрлі шаралар бар. Біз оған аға буын өкілдерін және жас ұрпақты шақырып, әр адам өз Отанын қорғауға міндетті екенін түсіндіреміз. Бізде "ЖАС САРБАЗ" патриоттық клубы бар. Сондай-ақ, әр мектепте, әр колледжде әскери-патриоттық клубтар бар.

РКС: Көкшетауда мемлекеттік тілді, тарихты білуге арналған түрлі іс-шаралар, конкурстар, олимпиадалар жүзеге асырылуда. Музейлерде экскурсиялар өткізіледі. Мысалы, соңғы уақытта мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндердің саны біршама артқан. Білім беру бағдарламаларында қазақ халқының тарихына, қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдер мен әндерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.

СНХ: ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, "ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮШЕСІ: Біздің ұйым мемлекеттік тілді білуге бағытталған түрлі жобаларды дамытуда. Өйткені, патриотизм-бұл біздің елмен, дәстүрлерімізбен, халқымызбен байланысты. Біздің ұйымымыз ана тілімізді дамытып, "Үйде сөйле" сияқты көптеген жобаларды іске асырады. "Жансая" тұрғын үй кешені тұрғындарының арасында қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, өлеңдерді көбірек білетін байқау өткізілді. Біздің бірлестік мемлекеттік тілді дамыту бойынша көптеген акциялар өткізеді. Жастарды мемлекеттік тілді үйренуге шақырамыз. Ол үшін түрлі конкурстар, жарыстар өткіземіз.

РКС: Бүгінгі күнге дейін облыстағы "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі 300-ден астам іс-шара өткізсе, оған 6 мың адам қатысқан. Уақыт өткен сайын "Қоршаған ортаны қорғау", "Волонтерлік" сияқты қоғамдық маңызы бар қозғалыстарға қатысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді. "Жас ұлан", "Жас сарбаз", "Жас қыран" балалар-жасөспірімдер қозғалысында оқушылар да азаматтық белсенділік танытуда.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ