ДИКТОР: Степногор қаласының подшипник зауыты – аталмыш өнімді шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Зауыт теміржол, тау-кен, металлургия және химия кәсіпорындарының қажеттілігін қамтып отыр. Зауыттың тынысымен біздің түсірілім топ танысып қайтты.
РКС: Зауыттың негізі 1976 жылы қаланған. Бүгінгі таңда ол 32 гектар жерді алып жатыр. Өнім 100 процент дайын болғанша 6 цехта өңделеді. Атап айтсақ, термиялық-токарлық, соғу және өңдеу, механикалық-құю, подшипниктерді құрастыру және автоматты желілер мен тегістеу цехтары. Зауытта осы жылдың 9 айында сомасы 30,3 миллирад теңге болатын 1,2 мың тонна подшипник жасалған. Ал, зауыттың бір жылдағы өнімділігі 1,8 миллион дана подшипник.
СНХ: АЙҒАНЫМ ЖЕКСЕНБАЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
РКС: Зауыт өнімдерін сату және өндірістік жоспарлауды «ТД Қазақстан» серіктестігінің сервистік-тұрмыстық құрылымы жүзеге асырады. Кәсіпорында 2100 қызметкер бар. Дегенмен, кадр тапшылығы байқалады. Әлі 400 маман қажет. Виктор Шрамко зауытқа 2015 жылы келген. Қолында арнайы білімі де болмапты. Сондықтан, бастапқы кездері қиын болғанын жасырмайды, дегенмен, аға буын өкілдерінің қолдауының арқасында бәрін үйреніп алдым,- дейді жас маман.
СНХ: ВИКТОР ШРАМКО – ЗАУЫТТЫҢ САНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАСҚАРУ МАМАНЫ: Менің жұмысым сақиналарды басқа түрлерге енгізу. Алдымызға келген әр бөлікті игереміз. Барлық бағдарламаларды қайта жазып, станоктың қандай координаттар бойынша жұмыс істейтінін анықтаймыз. Сәйкесінше, өнімді дайындаймыз. Егер ол барлық талаптарға сай болса, зертхана бізге рұқсат береді.
РКС: Зауыт қызметкерлері үшін жақсы жағдай жасалған. Кәсіпорын аумағында 2 спорт зал мен 2 асхана бар. Сондай-ақ, жұмыс орнына баратын барлық қоғамдық көліктердегі жол ақысы 50 процентке жеңілдетілген. Осы жылы кәсіпорында ребрендинг жасалып, зауыттың жеке сауда белгісі тіркелді. Бұл зауыттың нарықта әрі қарай дамуына септігін тигізеді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ