ДИКТОР: Степногорск қаласында әкімдіктің қолдауымен қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан батыр Асқар Забикулиннің құрметіне мурал ашылды. Айта кетейік, бұл Ақмола өңірінде пайда болған екінші кескіндеме. Біріншісі Біржан Сал ауданына қарасты туған ауылы Үлгі ауылында орналасқан мектеп қабырғасында бейнеленген. Бұл жолы мурал № 3 өрт сөндіру бөлімінің 3 қабатты ғимаратына салынған.
ИНТЕРШУМ: гүл қою
РКС: Естеріңізге сала кетейік, былтыр ержүрек батыр Асқар Забикулин Астанадағы тұрғын үй кешенінде қызыл жалыннан адамдарды құтқарған еді. Өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан пәтерден 3 адамды алып шықты. Сол күні құтқарушының кезекті еңбек демалысы алдындағы соңғы жұмыс күні еді.
СНХ: ӘДІЛ МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Келе жатқан 19 қазан құтқарушылар күнімен осы шараны байланыстырып, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған жайымыз бар. Жеке құрамға тілейтінім әрқашан, қандай да апатқа шықсаңыз да отбасыларыңыз бен жақндарыңызға аман-есен оралуды тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіз. Келген қонақтарға да үлкен рахмет. Асқар бауырымыздың туысқандарына, балаларына көңіл айтмыз. Оны есімізден ешқашан шығармаймыз.
РКС: Қайталанбас ерлік жасаған батырдың бейнесі халықтың жадынан шықпақ емес. Шараға қала тұрғындары, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары және колледж студенттері, сондай-ақ, Асқардың туған-туысқандары мен жақындары келді. Мурал авторы Абылайхан Сүлейменов. Кескіндемені жасауға шамамен 10 күн уақыт кеткен.
СНХ: ЕЛДАР ЗАБИКУЛИН, АСҚАР ЗАБИКУЛИННІҢ АҒАСЫ: Асқар спортқа жақын болды. Түрлі жарыстарға қатысты. Туризм, футбол, волейбол, күресті жақсы көретін. Бір сөзбен айтқанда жан-жақты еді. Әрдайым команда капитаны болатын. Облыста бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған. Бала кезінен өрт сөндіруші болуды армандады. Арманы орындалды. Әттең, ғұмыры қысқа болды.
РКС: Президент Жарлығымен қызметтік борышын орындау және адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. "Жыл Батыры" номинациясы бойынша "Алтын Адам"сыйлығына ие болды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ