ДИКТОР: Jaidarman – Қазақстан мен көршілес елдердің көңілді де тапқыр жастарының басын қосатын танымал телевизиялық жоба.Жайдарман ойынының басты мақсаты –оқу орындарында Жайдарман қозғалысын танымал ету және дамыту. Жастардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру және студенттердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру. Қалалық жастар ресурстық орталығы «Жайдарманның» маусымашарын ұйымдастырды.
ИНТЕРШУМ: ойынның барысынан көріністер
РКС: Әзіл сүйер жастардан құралған командалар ұтымды әзіл мен актерлік шеберлік, ән-би, мимика, ой ұшқырлығымен көрермен көңілін жаулап алды. Жобаның басты ерекшелігі – өмірдегі, жалпы қоғамдағы құбылыстарды ұтымды әзілмен, қағытпа қалжыңмен жеткізе білетін жастардың шығармашылығын шыңдай түсу.
СНХ: ЕРДЕН НҰРМҰХАММЕД, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерде командалар қалып не болмаса шығып кету деген болмайды,бұл командалар келесі кезеңге өтеді. Ал бүгінгі күні кубок ойнатамыз маусым ашардың. Жайдарман ойындарының фестивалі. Бұл фестивальда 4 ойын болады.
РКС: Айта кетейік, маусымашарға 15 команда өтінім берген. Іріктеуден өткен 10 команда өнер көрсетті. «Тәтті-тиктокерлер» командасы маусымашардың чемпионы атанды.
СНХ: ҒИБРАТ ТАҢАТҚАН, «ТӘТТІ ТИК-ТОКЕРЛЕР» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біз осы Астана қаласынан Көкшетау қаласына келбіп отырмыз. 3-4 жыл қатарынан қатысып,жүлдері орындарға ие болдық. Біз Қызылорда, Қарағанды, Алматы қалаларына барып келдік.
РКС: Жайдарманға қатысқандарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сайыстың екінші кезеңі 17 қазанда өтеді.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ