ДИКТОР: «Қазақтың Қыз Жібегі» атанған Меруерт Өтекешева Көкшетауға келді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, профессор көкшелік көрерменіне шығармашылық кешін өткізді.
РКС: Меруерт Өтекешева әйгілі «Қыз Жібек» фильміндегі басты рольді сомдаған актриса ретінде көрерменнің көзайымына айналған тұлға. Кеш барысында актриса шығармашылық және өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, оның жұбайы - театр және кино актері Құман Тастанбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.
СНХ: МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Мен өте қуаныштымын сендерменен кездесу жасап жатқандарына. Жан-жақтан келген әртістер келіп. Мен өте ризамын. Құман ағамызға арналған фильм. Бұл кезде Құман ағамыздың ауырмай жүрген кезі. Құман екеуміз өмірде де сахнада да бірге болған қос ғашықтармыз. Қыз Жібектен бөлек қаншама қойылымдарды бірге сомдадық.
РКС: Қыз Жібек пен Меруерт Өтекешева – егіз ұғым. Жан сұлулығы мен сымбаты келіскен ұлы даланың аруы.
СНХ:ГҮЛСИНА МИРҒАЛИЕВА, КЕШ ҚОНАҒЫ: Меруерт Қаратайқызы қыздардың эталоны. Сондықтан да қазақтың Қыз Жібегі Меруерт апай өзінің кешін өткізіп жатыр. Сол кеш өте әдемі. Қазіргі кезде жас отбасыларға осындай кездесу қажет. Неге десеңіз Меруерт Өтекешева адал жар.
РКС: Меруерт Қаратайқызы бүгінгі таңда перзенттерінен немере сүйіп отырған асыл әже. Оның ұлттық театр және кино өнеріндегі актерлік шығармашылығы мен өмір-жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ