ДИКТОР: Экстремизм мен терроризм – қазіргі уақытта қоғамды қатты алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, бұл проблемамен күресу үшін көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Олардың басты мақсаты экстремизм мен терроризм пайда болғанға дейін оған қарсы күрес пен экстремизм себептері мен жағдайларын жою.

РКС: Адамның түсінігін өзгертеді, алдайды, мәжбүрлейді. Әдетте, экстремисттер осылай әрекет етеді. Түрлі теріс пиғылды ағымдардың ықпалына көбіне жастар ілігіп жатады. Сондықтан, мамандар тұрғындарға жат ағымнан сақтанудың жолдарын үйретіп, экстремизмнің алдын алу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

СНХ: ҚҰМАР БЕЙСЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта өңірде терроризмнің алдын алу саласындағы жұмыс тәжірибесі заңнамалық, құқық қорғау және қоғамдық-саяси құрамдас бөліктерді қамтитын жүйесінің негізінде құрылады. Облыстың дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта өңірде 24 ақпараттық-түсіндіру тобы бар. Оған 217 мүшелік етеді. Жыл басынан бері топ өкілдері 3 жарым мыңнан астам түрлі форматта іс шара өткізді. Жастарға арналған 300-ден астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.