ДИКТОР: Алматыда 2008-2010 жылы туған 150-ге жуық жас спортшы арасында Еуропаның клубтық командаларына іріктеу жүргізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балғындар арасынан екеуінің ғана бағы жанды. Солардың бірі Көкшетаудағы балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің тәрбиеленушісі.
РКС: Барлық жағынан жақсы нәтиже көрсеткен көкшетаулық балғын футболшы Ерсәт Есім Германияға іріктеуге шақырту алды. Айта керу керек, Ерсәтті 2015 жылдан бері Солдатбек Зәлел баптап келеді.
СНХ: СОЛДАТБЕК ЗӘЛЕЛ, «ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Ерсат Есім жақсы бала. Адамгершілік қасиеті өте жоғары. Оның бойында менмендік жоқ. Керек кезінде команданың рухын көтере алады, көшбасшылық қасиеттер ойын барысында байқалып тұрады. 9 жыл бапкерлік қызметімде оның бойынан жағымсыз қасиеттерді байқамадым.
РКС: Ерсәт бала кезінен өзі үшін ең танымал және жанына жақын спорт түрін таңдады. Содан бері жалықпай, табандылық танытып келеді. Жаттығудан бір сәт қалған емес. Тыңбай еңбектенгенінің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.
СНХ: ЕРСӘТ ЕСІМ, «ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫСЫ: 21 қазанда жарысқа барамын. Алда Германиядағы іріктеу тұр. Кёльн клубымен келісім-шартқа отырамын деп ойлаймын. Бапкерлерге және Алматыдағы Мустанг командасына үлкен алғысымды білдіремін.
РКС: Бүгінгі таңда «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде 500-ге жуық тәрбиеленуші жаттығады. Спортты болашақта жанына серік еткісі келетін әр жас команданың мүшесі бола алады. Бәрі тегін.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ