ДИКТОР: Көкшетауда "Киелі Табиғат" республикалық экологиялық акциясы өтті. Ауқымдылығымен көзге түскен іс- шараға 300-ге жуық адамы белсене ат салысты. Олар - белсенді жастар, студенттер мен еріктілер.

РКС: Эко-сенбілік "Жастар-ресурстық орталығының" бастамасымен өткізілді. Іс-шара экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулуға бағытталған.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл экологиялық мәдениет. Біз адамдарға қаланы таза ұстау керектігін көрсетеміз. Сондықтан жастардыосы акцияға қатысуға шақырдық, жастар осындай іс-шараларды қуана қолдайды. Әр тұрғын табиғатқа ұқыпты қарауы керек, және осы мәдениетті бәріне түсіндіру керек.

РКС: Қопа көлінің жағалауы тазартылды. Экологиялық акцияға қатысушылардың бірі- азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенті Исламбек Берсін. Ол адамдар тұрғылықты жерін, айналасын таза ұстау керек деген пікірде.

СНХ: ИСЛАМБЕК БЕРСІН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көкшетау қаласының әдемі әрі таза болғанын қалаймын. Мен мұндай іс-шараға екінші рет қатысып тұрмын. Мен осындай акцияларды қолдаймын және әрқашан қатысамын. Сонымен қатар бізбен бірге мұғалім келді, және де біз басқа студенттерге үлгі көрсеткіміз келеді.

РКС: Эко-акцияға қатысушылар екі топқа бөлініп, нәтижесінде шамамен 300 қап қоқыс жинады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ҚАЙЫРБЕК ТҮЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ