ДИКТОР: Застанционный шағын ауданында жолдың мәселесі 10 жылдан астам уақыт шешілмей тұр. Жазда басталған жол жөндеу бүгінге дейін аяқталмаған. Тұрғындадың шағымы әкімшілікке жетсе де, істеліп жатқан жұмыс не толық атқарылмаған, не мүлдем қолға алынбаған сияқты.

РКС: Шағын ауданға өтетін көпірдің жолы жөнделген. Бірақ 12-13 метр биіктіктегі көпірдің үстіндегі жүргіншілерге арналған жолдың арасына қоршау қойылмаған. Оның үстіне бөгеттер де жоқ. Бұған қоса жолдың үсті де жарықтандырылмаған. Жаяу жүргіншілерге кешкі уақытта бұл жерде жүруге ешқандай мүмкіндік жасалмаған.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ГОРБУНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жолмен өтіп бара жатқанда жүк көлігіміздің есігі ашылып бөлшектер түсіп қалды. Міне, мына шұңқырдың үстінен өте бергенде. Жол мәселесі бірнеше жыл айтылып келе жатыр, істемейді. Жүру мүмкін емес. Міне, дәл қазір шығынға ұшырадық. Қалай төлейміз. Әкімдік қайда қарайды. Жазда басталған жөндеу жұмыстары. Әлі аяқталмаған. Бұл жолда біреу көлігінің дөңгелегін жоғалтады, ал біреу апатқа ұшыраса не болмақ?

РКС: Оған қоса, көше арасында да мәселелер аз емес. Зеренді көшесінің бойында бір де бір жарық бағаны орнатылмаған. Ал көшенің өзінде 10-нан астам мектеп оқушысы тұрады. Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндерге кешкі уақытта үйге қайту қиын болып тұр. Жөлделген жол лай, жарық шамдары жоқ оған қоса жол белгісі де қойылмаған, деп шағымдануда тұрғындар. Соның бірі, Бекболат Жүрімбетов «Зеренді» көшесінің тұрғыны бұл ауданға көшіп келгеніне 3 жылдан астам уақыт өткен.

СНХ: БЕКБОЛАТ ЖҮРІМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біздің қазіргі басты мәселеміз 1-ші жол. Жолды көріп тұрсыздар өзіңіз қалай жолға кетіп бара жатыр. Содан кейінгі мәселе освещение. Свет жоқ. Дала қап-қараңғы. Жалғыз біздікі емес. Бәрінде свет жоқ жасыратыны жоқ. Содан кейін бізге керек знак. На данный момент знак жоқ. Балаларға жүру қиын болып жатыр. Бізде 1 знак бар, ол школдың қасында. Сол себепті бізге осы жерге керек. Жол да айтылып жатыр, жарық та айтылып жатыр. Бәрі қалай тұрды солай тұр. Сосын біздің мына мусор «Тазалықпен» жұмыс істейміз. Уақытылы төлейміз. Жасап кеткенін көріп тұрсыздар.

СНХ: ЖЕҢІС ЖАНАТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бірініші мәселе осы жолдың тратуары. Міне, мәшине жүріп келе жатыр, кісілерге жүруге жол жоқ. Кешке балалар мектепке барады, мектептен қайтады. Сол тратуар жоқ. Күн тез батады. Освещение жоқ.

РКС: Бұл мәселе қалай өз шешімін таппақ және қандай жұмыстар істеліп жатыр бұл туралы жауапты маман Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділет Рахымжанов жауап берді.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАХЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Лиза Чайкина мен Қасым көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мичурин бойымен 600 шақырым қашықтықтағы жердегі жұмысты аяқтау қалды. Қазан айының соңына дейін аяқтаймыз. Станиславский, Лермонтов көшелерінде орташа жөндеу жүргіздік. Өткен жылы Тұмар көшесі қиыршық тастар төселген. Ол көше әлі жөнделмеді.

РКС: Застанционный шағын ауданына 2 қоғамдық көлік жүреді. Дегенмен, тұрғындар жөнделіп жатқан көпірдің салдарынан ол бұл жаққа жүруін қойған сияқты,-дейді.

СНХ: САБЫР ИСАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Автобуспен жүрмегелі, как начали мост ремантировать содан кейін жүргеніміз жоқ. Көбі солай. В основном пенсионерлер. Бәлніске көріну керек. Ол қазір чере Северный пром зона жүреді. Қалай жүріді оны ешкім білмейді. Айналып барады. Жұмысқа бару үшін маған автобуспен 1 сағаттан астам укақыт кетеді. 2 маршрут жүреді №11 мен №2. Олардың интервалы 1 сағаттан көп. Ал такси на пример жуырда қызымды бәлніске апардым, центрдан мында келу үшін 2 мың теңге сұрайды. Түнде 3 мың.

РКС: Шұңқырлы, ойлы-қырлы жолдан шаршаған тұрғындар жан айқайын айта-айта мезі болған. Шағын ғана орталықтың бір өзінде тұрғындардың наразылығын тудыратын 10-нан астам мәселе бар. Жауапты мамандардың айтуынша 500 миллионға қонкурс жарияланған. Мердігерлермен келісім шарт жасалып жатыр дейді. Барлық міселені жіті бақылауға аламыз, мәселе алдағы уақытта шешіледі деп сендірді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ