ДИКТОР: Отбасы күніне орай облыс орталығында «Отбасым – менің тірегім» атты дөңгелек үстел өтті. Ол жерде талантты, жан-жақты, шығармашыл жанұялар бас қосты. Іс-шараға он шақты династия қатысты. Келесі бейнематериалдан көріңіздер.

РКС: Берік отбасы – кез келген елдің үйлесімді дамуының сенімді кепілі. Сондықтан, мемлекет ана мен бала, отбасылық құндылықтарды дәріптеу сынды тақырыптарға көп көңіл бөледі. Біздің облыста да бұл бағытта көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бірі «Отбасым – менің тірегім» атты дөңгелек үстел. Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, үлгілі жанұялар қатысты. «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойшин «Отан отбасынан басталғандықтан, үйде әр адам өз тілінде сөйлеп, ана тіліне құрметпен қарау керек»,- дейді.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Өз мемлекетік тілін білмеспе, ондай сен қандай отансүйгіш адамсың. Сондықтан, сол бағытта істеп жатқан жұмыс. + Отан отбасынан басталады. Ел боламын десең, бесігіңді түзе дейді қазақ. Бүгін әр этномәдени бірлестіктердің, көпбалалы жанұя және белсенділер арасында қоғамға пайдалы, үкіметке пайдалы жұмыс істеп жүрген жанұяларды жинап жатырмыз.

РКС: Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстандықтардың ауызбіршілігін көріп, осы елде өніп өскендердің бірі Овсепяндар отбасы. Олардың Көкшетауда тұрып жатқандарына 20 жылдан асыпты.

СНХ: ОГАННЕС ОВСЕПЯН, ІС-ШАРА ҚОНАҒЫ: Біздің Көкшетауда тұрып жатқанымызға 22 жыл болды. Балаларымыз осы қалада туып, өсіп келеді. Отбасым – менің мақтанышым. Осындай керемет іс-шараға шақырту алғанымызға қуаныштымыз. Барлық жерлестерімді отбасы күнімен құттықтаймын. Мен балаларыммен мақтанамын. Үшеуі де ақылды, білімді. Үлкен қызым меткепті алтын медальға бітірген. Бүгінде Мәскеуде білім алып жүр.

РКС: Шара соңында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

ИНТЕРШУМ

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»