ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жылдың соңына дейін қосымша тағы 10 мыңнан астам жұмыспен қамтылмақ. Бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 230 млн. теңгеден астам қаражатқа гранттар бөлінді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға белсенді көмек көрсетуде.

РКС: Еліміз бойынша жастардың жасы ұлғайтылды. Осыған орай «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұл жұмыс тәжірибесі жоқ адамдар үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге берілген мүмкіндік. Биыл бағдарлама бойынша барлығы 213 өтінім мақұлданды. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар үшін де осындай жоба бар.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өткен жылы біз "Күміс жас" жобасын іске қостық. Биыл 197 азамат өтініші берді. Қаражат бөлінді.Жоспардан тыс 8 адамды жұмысқа орналастырдық. Егер өткен жылы 55 жастан асқан болса, биыл 50-ден жоғары адамдарды қабылдадық. Жобаға қатысу ұзақтығы-36 ай.

РКС: Бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін биыл 235 миллион теңгеге жуық қаржыға 170 мемлекеттік грант бөлінген. Бұл жобаның игілігін негізінен көпбалалы отбасы мен мүмкіндігі шектеулі жандар көріп отыр. Жоба аясында әр қатысушыға жеке стартапын құру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сома төленеді. Жастар үшін де жобалар қарастырылған. Мәселенғ жеңілдетілген шағын несие алуына болады.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағыттар бойынша біз зерттедік. Қызмет көрсетуге қатысты 38, азық-түлік және бөлшек саудаға байланысты 15 өтінім мақұлданды. Комиссия мал шаруашылығына қатысты көп сауал қойғанын атап кеткім келеді. 100-ге тарта өтінім түсті. Целиноград және Ерейментау аудандары жылқы өсірумен айналысуға ниет білдіріп отыр. Сандықтау ауданында ірі қара мал өсіруге қатысты көп жоба ұсынған.

РКС: Сондай-ақ облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып «Білімді ұлт» жобасы жүзеге асырылуда. Соның арқасында өңірдің жаңа мектептерінде 600-ден астам жұмыс орны құрылды. Облыс бойынша 10 жоба жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін оның аясында 6 мыңға тарта адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ