ДИКТОР: Біржан Сал ауданының орталығы Степняк қаласы жыл озған сайын жақсарып келеді. Әсіресе, көшелер мен аулалар абаттанып, әдемілене түсуде.

РКС: Биыл қаланың көшелеріне 27 мың шаршы метр асфальт жол салынады деп жоспарланған болатын. Осынау жұмыстарды атқару үшін 150 млн теңгенің жобасы бекітілді. Сөйтіп, жол салушылар тәжірибелі жұмысшылармен қуатты техниканы қолданып іске кірісіп кетті.

СНХ: САЯТ ЖӘКЕНОВ, «KARSTROY 2020» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз жұмысқа тамыз айында кірістік. Жоспар бойынша Степняк қаласының Біржан Сал мен Наурызбай батыр көшелеріне асфальт төсеуіміз керек. Жұмысшы күші, техника жеткілікті. Әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып жатырмыз. Соңғы жаңбыр кезінде аздап тоқтадық. Алайда, қарқынды төментеткен жоқпыз. Ең бастысы жолдың сапасына көңіл бөлеміз. Тексерушілер күнделікті келіп, жұмысымызды бақылайды.

РКС: Асфальт жол салу саласында мол тәжірибесі бар «КарСтрой 2020» серіктестігінің механизаторлары уақытпен санаспай еңбек етуде.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ИВАНЧЕНКО, АСФАЛЬТ ТӨСЕУШІ: Мен бұл салада 40 жылға жуық еңбек етемін. Қазақстанның көптеген аймағында асфальт төседік. Степняк қаласында да сапаға мән беріп жатырмыз. Шетелдік мына техника асфальтты сапалы төсеп, еңбек өнімділігін арттыра түседі. Жұмысты жоспарға сай толығымен аяқтап шығамыз.

ЕСТЕССТВЕННЫЙ ШУМ...

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: (жұмыс қарқынды жүруде...).

РКС: Бүгіндері Степняк қаласының көшелеріне 20 мың шаршы метрден астам асфальт жол төселді. Жұмыс одан әрі жалғасуда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ