ДИКТОР: Бірінші жартыжылдықта облыстағы мемлекеттік органдарының, тәртіптік комиссиялардың жұмысы әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Мемлекеттік қызмет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселе талқыланды. Целиноград ауданына қарасты 2 селолық округ әкімдерінің заңсыз әрекеттері әшкереленді.
РКС: Целиноград ауданы бойынша 33 әлеуметтік қызметкер бар. 134 мұқтаж адам тіркелген. Ал, 3 мыңнан астан тұрғыны бар Жарлыкөл ауылдық округте 6 маман жұмыс істеп жатыр. Округтен 8 шақырым жырақ тұратын әлеуметтік қызметкер Қашабай Дүйсен басшылықты ескертпей, шетел асып кеткен. Бірақ, 2 апта көлемінде жұмыста болмаған қызметкерге жалақы толық төленген. Осылайша Еңбек кодексі бұзылған.
СНХ: МӘУЛЕТ САҒЫНТАЕВ, ЖАРЛЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Осындай нарушения болды біз жақтан. Бұрында бізде 6 специалистпен, 7-ші әкім болғаннан кейін мамандар бізге жетпей жатыр. Сельхозка 1 специалист кетеді, 2-ші специалист гос.услугамен, бізде бәрі бөлінде. Қазіргі таңда бізде 2 специалист қалып отыр. Қашабаев Дүйсен ол отделенияда тұрады. Ол кісі олай айтқан жоқ. Біз оның шет елге Монғолияға кетіп қалғанын білген жоқпыз. Шешем ауырып қалып мен ешкімге, ештеңе айтпай кетіп қалдым деді. Енді қазіргі таңда молодежный практикаға 1 қызды алдық біз. Ол соц. Работниктарды қадағалап отырады.
РКС: Осыған ұқсас оқиға Приреченское селолық округінде де орын алған. Қызметкер ақысыз еңбек демалысына өтініш жазған. Бірақ, көрсетілген уақыттан ертерек, ешкімді ескертпестен Моңғолияға жол тартқан.
СНХ: МЕЙІРХАТ ЖАНДІЛДИН, ПРИРЕЧЕНСКОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бұл жерде біз алдымызда специалист осындай жағдай болған, оның бәрін біз білдік. Отпуск без содержания жазды, біз оны жібердік. Бірақ, өкінішке орай ол кісі 14 күні шекарадан асып кетті. Ол туралы ешкім білген жоқ. Бірақ ол келгенде дүйсенбі 24 күні жұмысқа келді, дәптерге жазды. Жұмыс атқарылды деп. Ол неліктен?- деп сұрағанда. Ол кісінің жұмысын жолдасы мен қызы атқарған. Көмек қабылдайтын адамдар келгенін, көмектескенін айтты. Олардың ешқандай претензиясы жоқ. Ол кісі жұмыстан шығарылды. Себебі, құжат бойынша олар қызметкерлер емес.
РКС: Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан әкімшілік ескерту беру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек беру ұйымдары ауыл әкімдікпен бірлесе жұмыс атқару керек деген ұсыным жасалды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ