ДИКТОР: Өңірге Моңғолия елінен 20-дан аса жеке кәсіпкер келді. Олар біздің минералды су шығаратын отандық компанияның өнімдерімен танысты. Енді «Көкшетау минералды сулары» тек отандық қана емес шетелдік тұтынушыларды қуантпақ.
РКС: Арнайы келген делегацияға өңірде өндірілетін өнімдер таныстырылды. Ынтымақтастық мақсатында келген кәсіпкерлер бірнеше кәсіпорынмен келісім жасауға ниетті.
СНХ: АЙДЫН БАЙЫНҰЛЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (МОҢҒОЛИЯ): Біз мұнда Қазақстандағы кәсіпкерлермен кездесіп,әрі қарай жұмыс істеу үшін қандай мүмкіндіктер бар екенің білу үшін арнайы келдік. Біз импортпен айналасамыз. Германия, Ресей, Армениямен келісімшарт жасалған. Біз Қазақстанның бидай, ұн өнімдеріне қызығушылығымыз бар.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің кәсіпорындардың экспорттық потенциалын нығайту мақсатында осындай шараларды жиі өткізуге дайынбыз. Оларға біздегі мүмкіншіліктер жайында айтып,келісім-шартқа отырамыз деген мақсат бар.
РКС:Облыс аумағында айына 200 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндігі бар май зауыты жұмыс істейді. Зауыттың құрылғанына 20 жылдан асқан. Олар өндіріс көлемін күннен күнге ұлғайтып келеді.
СНХ: ӘДІЛБЕК НАЗЫМБЕКОВ, «ASMUR AGRO» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Біз алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мақсат қойып отырмыз. Өнімдерімізді Орта Азия, Өзбекстан, Қытайға экспорттаймыз. Қазір басқа елдермен келісім-шарт жасап жатырмыз.
РКС: «Көкшетау минералды сулары» өндіріс қуатын көбейтіп, тәулігіне 160 мың литр су шығарады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,САБЫРБЕК ШЕРЯЗДАНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ