ДИКТОР: Биылғы жазда Степняк қаласындағы 2 бу қазандығына жаңа пеш орнатылып, 7 шақырым жылу құбыры салынды. Көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері тазартылды.
РКС: Жасыратыны жоқ, бұрнағы жылдары Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру жырға айналушы еді. Биыл бөлінген қаржы тиімді жұмсалып, коммуналдық сала қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізді. Атқарылған істің басы қасында әкімшілік қызметкерлері жүріп, қадағалау жасады.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жылу маусымына ерте көктемнен кірістік десек артық айтқандық емес. барлық күш осы салаға жұмсалды. Степняк қаласындағы 2 бу қазандығы арнайы құралдармен толықты. басқа да механизмдер қалпына келтіріліп, жаңартылды. Оған жергілікті және облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, толық игерілді. бүгіндері дайындық 98 пайызға жетті. Қазандықтардың қуаттылығын жылудың температурасын сынақтан өткіздік.
РКС: Бу қазандықтарына отандық құрал жабдықтар қойылды. операторлар да таңдалып алынды.
СНХ: ДЕНИС ЕЗОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Өздеріңіз көріп тұрған мынау бу қазандығына Қостанай зауытының пеші қойылды. Оның қуаттылығын күні кеше ғана сынап көрдік. осы төңіректегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерге толыққанды жылу бере алады.
РКС: Қыр астындағы қысқа Біржан ауданының ауыл-аймақтары да жан-жақты дайындық жасап жатыр. Көмірдің де алғашқы қоры тасымалданып алынды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ