ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 3,9% - ға өсті. Бағаның өсуін бақылау мақсатында мониторингтер жүргізіледі. Қандай өнімдердің құны өсіп, кәсіпкерлерде қандай бұзушылықтар анықталғанын тілші жалғастырсын.

РКС: Азық-түліктің 19 түрі әлеуметтік маңызға ие. Олардың бағалары облыс орталығындағы бірнеше базарда тексерілді. Естеріңізге сала кетейік, халық тұрақты түрде тұтынатын өнім құнына үстеме ақы 15 проценттен аспауы тиіс.

ГРАФИКАҒА ТЕКСТ: Жалпы, жыл басынан бері күріш бағасы - 51,4% - ға, сиыр еті - 6,9 сүт-12,1, ал қырыққабат бағасы -69,7% - ға өсті.

ГРАФИКА:

КҮРІШ - 51,4%

СИЫР ЕТІ - 6,9%

СҮТ - 12,1%

ҚЫРЫҚҚАБАТ - 69,7%

РКС: Ұн, 1 сортты нан, тауық жұмыртқасы, пияз және қант. Бұл өнімдердің бағасы төмендеген. Мониторинг барысында арнайы топ жеке кәсіпкерлер мен сатушыларға да ескертулер мен ұсыныстар жасады. Көпшілігінде баға белгілері, бақылау-кассалық машиналар, терминалдар, тіпті тауарды сатуға арналған құжаттар жетіспепті.

СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз мұны бірінші кезекте партиялық бақылау комиссиясында қарайтын боламыз, сондай-ақ бұл ақпарат осы ескертулер жіберілген жауапты органдарға жіберіледі. Әрине, бізде мониторингтер үнемі жүргізіліп, жүргізілетін болады.

РКС: Салық төлеуші тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату кезінде төленген сомаға чек беруге міндетті. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары атап өткендей - кәсіпкерлер олардың жоқтығына жауап береді.

СНХ: ДАНА ӘМІРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерде кассалық аппарат жоқ, ол үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы көдексінің 284-бабы көзделген. Осыған байланысты салық төлеушілерге заңнамалық актінің нормаларын бұзбауға кеңес береміз.

РКС: Облыстық кәсіпкерлік басқармасында бүгінгі таңда азық-түлік тапшылығы байқалмағанын, азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті мөлшерде бар екенін атап өтті.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.