ДИКТОР: Көкшетауда «Мен донормын!» акциясы ұйымдастырылды. Облыстық қан орталығының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізген шарасына студенттер қатысты. Жомарт жандардың игі ісін байқап қайтқан әріптесім Самал Ысқақова жалғастырсын.

РКС: Ақ халатты абзал жандар алдымен донорлардың қан қысымын өлшейді. Кейін зертханада қан тобын анықтап, гемоглобинін тексереді. Анализдері дайын болғанда терапевт маманға барып, салмақ пен бойдың ұзындығын анықтайды. Бұдан соң донорларға қант қосылған тәтті шәй беріледі. Бұл алынған қанның орнын толтыру үшін аса қажет.

СНХ: БОТАГӨЗ ӘБЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс бойынша 4 мыңға жуық адам қан доноры. Біздің орталыққа күніне 35 адам келеді. Яғни, жеткілікті көлемде қан қоры бар. Барлық донорды қатаң бақылаудан өткіземіз. Қандай да бір дертпен ауыра ма, жоқ па, соны тексереміз.

РКС: Қан тапсыруға келген адам аш қарынға тексерістен өтуі керек. Бір адамнан алынатын қан мөлшері 450 миллиграмм. Десе де, бәрі бірдей донор бола алмайды.

СНХ: ЖІБЕК ТІЛЕУҒАБЫЛОВА, ТЕРАПЕВТ: Донорлар үшін белгілі бір көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер бар. Яғни, азаматтар қандай да бір дертпен ауырмаулары тиіс. Жалпы, қан тапсыру донор үшін өте пайдалы. Бұл процесс адам ағзасын тазартады. Азаматтар қанды әр 2 ай сайын тапсыра алады. Себебі, гемоглобин әр 2 ай сайын қалыпқа келеді.

РКС: «Мен донормын» акциясын жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Олар мұндай акциялар донорларды тартуға септеседі,-дейді. Енді олар тұрақты донорларды тарту бағытында біраз шаруа тындырмақ.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Бұл акцияға жыл сайын 50-ден астам студенттер мен волонтерлер қатысады. Осындай шараларға қала тұрғындарын да тартуға тырысамыз. 01,10/// Былтыр олар 1 мрп көлемінде ақша алып, өздері үстінен тағы қосып 42 мың теңге жинады. Оған қоса, түрлі спорт ойындар бойынша қайырымдылық шараларды өткіздік. Бар қаражатты жинап балалар үйіне бардық.

РКС: «Мен донормын» акциясына 12 жас қан тапсырды. Алдағы уақытта мұндай акция әр 3 ай сайын өткізілмек.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ