ДИКТОР: «Аманат» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде өңірдегі жатақханадағы орын жетіспеушілігі мәселесі көтерілді.

РКС: Облыс аумағында техникалық және кәсіби бағытта 20 мыңнан аса студент оқуда. Олардың 10 мыңға жуығы қалаға келіп білім алып жатқан жастар. Облыс орталығындағы колледждер жанында 5730 орындық 43 жатақхана бар. Жаңа оқу жылынан бастап колледж жанындағы жатақханаларда 4700 студент тұрып жатыр. Жатақхана жетіспеушілігі әсіресе облыс орталығында өзекті.

СНХ: ДИАНА ЖАҚЫПОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Облыс бойынша 43 колледж бар, оларда 36-сы мемлекеттік және 7-уі жалға алынған жатақхана. Барлығында студенттер тұрып жатыр. Облыс бойынша орын жетіспеушілігі 1212 орын. Бұл қазір жатақхана құрылысы жүріп жатқан Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі мен Көкшетау жоғары техникалық колледжі студенттері.

РКС: Сонымен қатар Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде де жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Жатақханадағы орын жетіспеушілігімен қатар, бар орындарда студенттер үшін қолайлы жағдай жасалмаған. Осыған орай «Амана»т партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері мониторинг жүргізген.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жалпы алғанда оң динамика бар деп айтуға болады. Жатақханалардағы жағдай жақсарып келеді. Дегенмен олқылықтар әлі де бар. Біз сол бағытта жұмыс істегеміз келеді. Нақтырақ айтсақ Аршалы, Шағалалы ауылдарындағы агротехникалық колледждің жатақханалары. Оларда камера жұмыс істемей тұр. Мысалы Аршалыдағы 14 камераның 4-уі ғана жұмыс істеп тұр. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.

РКС: Өңірдегі жоғары оқу орындарыныңдағы студенттерді орналастыру мәселесі біртіндеп шешілуде,- делінді жиында.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕВ ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ