ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры 28-ші театр маусымының ашылуына қызу дайындық үстінде. Маусымашардың алдында шығармашылық ұжым қойылымды безендіру бөлімі қызметкерлерінің қолынан шыққан жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Сахнадағы сырлы әлем» атты көрме апталығын ұйымдастырды.

РКС: Сахнадағы сырлы әлем. Көрерменін бірден баурап алатын қойылыммен қатар, сахнаның безендірілуі де маңызды. Бір қойылымның декорациясын ойдағыдай етуге ат салысатын шеберлердің еңбегі ерен. Театрдың безендіру бөлімінде 20-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Соның бірі-тігін цехының меңгерушісі Ботагөз Бекентаева. Осы саладағы еңбек өтілі 23 жыл.

СНХ: БОТАГӨЗ БЕКЕНТАЕВА, ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Осы мамандыққа бала күнімде қызыққам. Анам тігінші. Сол анамнан үйреніп, тігінші боламын деп, осы Көкшетауға оқуға түстім. Колледжді аяқтаған соң, Қарағандыға барып, оқып келдім. Қазақ театырына жұмысқа орналастым. Цехта 3 адам жұмыс істейміз. Художник берген эскиздармен біз костюм тігеміз. Егер бір 15 костюмді біз 1 апта примеркаға кетеді. Ал екінші аптада сол костюмдерді тігеміз. 1 күнде 3-4 киімді дайындаймыз. Биыл театр атынан, театр басшысы мені «Маңдай тер»-дейтін бағдарламаға жіберді.

РКС: Көрмеге 10-нан астам қойылымның сахналық киімі мен 50-ден астам реквизит қойылды. Ішінде «Отелла», «Турандот», «Шыңғысхан», «Золушка» сияқты қойылымдардың костюмдары көрермен назарына ұсынылды. Айта кетейік, аталған көрме апталығы театрдың көркемдік жетекшісі Нұрислам Әбділдің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

ИНТЕРШУМ: өлең шумақтарын оқыды

СНХ: НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

РКС: Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде актерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар апталық көрменің ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осындай проект жаңадан облысымызда. Осы проекттің негізгі мақсаты қойылымдарды безендіру бөлімінің жұмыскерлерінің жұмыстары мен өнерлерін халыққа насихаттау. Біздің дарынды, талантты әріптестерімізге алғаш рет осындай көрме жасалып жатыр. Оларды мақтан тұтамын.

РКС: Театр ұжымы жақында Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына орай Қарағандыда өтетін «Сын – шын болсын» атты фестиваліне аттанады. Облыс намысын қорғайтын театр ұжымы қойылыммен қатар көркемдік жағынан да қызу дайындық үстінде.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ