ДИКТОР: Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалды. Енді өңірді Марат Ахметжанов басқармақ. Оның кандидатурасы облыстық мәслихат жиналысында бекітілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.
РКС: Бүгін облыстық мәслихаттың жиналысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің Басшысы қатысты. Жиында Олжас Бектенов депутаттарға Президенттің хатын оқыды.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Құрметті депутаттар! ҚР Конституциясының 87 бабы 4-ші тармағына сәйкес Ақмола облысында әкім лауазымына тағайындауға келісім алу үшін Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатураларын ұсынамын.
Нәтижесінде 117 депутат Марат Ахметжановтың кандидатурасын қолдады. Жиынға барлығы 250 депутат қатысты. Президент жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған. Әр жылдар прокуратура, Ішкі Істер және Әділет органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, 2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. 2022 жылы ақпаннан – 2023 жылы қыркүйекке дейін ҚР ІІМ.
РКС: Соңғы 1 жарым жыл бойы Ішкі істер министрі лауазымын атқарды. Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті. Сондай-ақ облыс басшылығы Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға күш салуы қажет деді. Жаңа әкім мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, өңірдің гүлденуіне сүбелі үлес қосатынын жеткізді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті депутаттар!!! 2023 жыл баршамыз үшін саяси өзгерістер орын алған және ортақ тағдырымызды айқындаған маңызды кезең болды. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында әлеуметтік, экономикалық, туризм, ауыл шаруашылығы, бизнес және энергетиканы амыту саласында бірқатар міндеттерді айқындады. Аталған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерімді салуға уәде беремін.
РКС: Кездесуде Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ, Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ