ДИКТОР «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Ақмола облысы тарихи-өлке тану музейінің «Ботай Дала өркениетінің бастауында» атты бірлескен көрмесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты «Ботай» музей-қорығының 5-жылдық мерейтойының аясында қасиетті нысанмен танысу болды.

РКС: Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан тарихи ескерткіш музей-қорық статусына ие. Осы айтулы оқиғаға байланысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде іс-шара ұйымдастырылды.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ - МӘДЕНИ МУЗЕЙ ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ботай қорығының 5 жылдығына арнайы Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейімұражайында көрме ұйымдастырдық. Бұл біздің Қазақстан аймағындағы 4-ші көрмеміз: Ботой мәдениеті, жалпы барша Қазақстан аумағына кеңінен таралған. Ертіс өзенінің бойынан Оралға дейін жалғасқан. Ақмола облысында Ботай мәдениетіне тиесілі 5 қоныс, Солтүстік Қазақстан облысында 15, Қостанайда 5 және Павлодар өңірінде осындай 8 қоныс.

РКС: Айыртаудағы Ботай тұрағы. 20 гектар жерді алып жатқан бұл аумақ күллі әлем ғалымдарын қызықтырады. Жабайы жылқы тұңғыш қолға үйретілген мекен. Ботай дегенде көпшіліктің ойына келетіні – осы. Бірақ әлемдегі барлық асыл тұқымды жылқының арғы атасы – ботайлық арғымақ.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ұлы дала өркениетінің бастауында Ботай мәдениеті бірінші тұрған құндылықтарымыздың бірі. Осыдан бірнеше жылдың көлемінде 70 жылдардар кезінде қазіргі Ботай өңір ауылының Никольский деген жер бар сол жердің маңайын осы Ботайдың ежелгі қоныстары табылған. Соның негізінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, біздің белгілі ғалым Виктор Зайберт тың үлкен еңбектің арқасында бұл әлемдік ғылымдық айналысқа түсті. Бүгінде Ботай мәдениеті бүкіл Қазақстанның ұлттық мақтанышына айналып отыр. Біз өзіміздің ата-бабалармыздың ең алғаш жылқыны қолға үйретіп мінгенін мақтаныш етудеміз.

РКС: Көрме казан айының 3 дейін жаласып, келушілерге таңғажайып Ботай өркениеті тарихынан сыр шертетін болады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ