ДИКТОР: Енді ювеналды сот азаматтық істермен айналысады. Соның ішінде ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзу. Айта кетейік,ажырасу барысында кәмелеттік жасқа толмаған балалары болған кезде мүлікті бөлу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, оның ішінде ата-анасының біреуімен мемлекет шекарасынан асу үшін қандай іс-шаралар жүргізілетіні туралы мәселелерді де ювеналды сот қарастырады.
РКС: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзгерістер1 қыркүйек күні күшіне енді. Олар кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығын кеңейтуге бағытталған. Заңды құзырына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар берілді.
СНХ: ӘСЕМ АСАЙЫНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ: Бүгін отбасылық соттың ашылуы отбасылық сотты қолдау мақсатында. Психолог мамандары мен медиаторлар, сондай-ақ отбасын қолдаудың ресурстық орталықтары баланың тұрғылықты жерін анықтау, қарым-қатынас кестесін жасауға қатысты істерге араласып, қатыса алады. Сондай-ақ, әкелік туыстықты анықтау және алимент төлеу. Біздің мамандардың жұмысы сотқа дейінгі тәртіпті жеңілдету мен медиативтік келісімдерге қол қоюға бағытталған.
РКС: Ата-аналардың ажырасу үдерісіндегі балалардың күйзелісін азайту үшін, арнайы кабинеттер ұйымдастырылды. Онда кәмелетке толмаған бүлдіршіндермен түрлі мамандар жұмыс істейтін болады.
ИНТЕРШУМ: экскурсия по кабинетам.
СНХ: ДИНАРА ТӘЖЕНОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ: Ювеналды соттың құзыретін кеңейту - бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауға бағытталған сот төрелігі жүйесіндегі маңызды кезең. Сот құзыретінің кеңеюі еліміздің әлемдік стандарттарға сай болуын ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі саясатты күшейтуді де көрсетеді. Мен ювеналды сот оның жаңа форматы баланың құқықтарын лайықты деңгейде қорғауға шынымен де көмектесетініне қатты сенемін.
РКС: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңа өзгерістер оң әсер етуі және елдегі неке бұзу процестерін айтарлықтай азайтуы тиіс.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ