КӨКШЕТАУ ТӘЖІРИБЕЛІК - ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 65 ЖЫЛ
ДИКТОР: Зеренді ауданында Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығының 65 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Конференция барысында Қазақстанның солтүстігіндегі өсімдік шаруашылығы мен органикалық егіншіліктің ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, ғылыми алаңға шығу және агрономияны дамытуға арналған мұражайда экскурсия өтті. Оқиға туралы толығырақ, сюжетте
РСК: Іс-шара салтанатты түрде басталды. Дөңгелек үстел форматында тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың жұмысы талқыланды. Көпжылдық жемшөп дақылдарының, картоптың селекциясы, топырақ құнарлылығын арттыру әдістерін жетілдіру, өсімдіктерді егу аумағын белгілеу тақырыптары көтерілді.
СНХ: ҚҰТТЫМҰРАТ ТАҒАЕВ, КӨКШЕТАУ ТӘЖІРИБЕЛІК-ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Біздің ең негізгі міндетіміз – мемлекеттік тапсырыстарды орындау. Оның ішінде, осы өңірге қажетті дәнді дақылдар, майлы дақылдар, және қопжылдық шөптер, картоп дақылдары бойынша сұранысқа ие ауыл шаруашылығы мақсатымен айналысатын фермерлерге қажетті сорттарды шығару. Ғылыми-зерттеу жұмыстары өндіріске енгізумен тығыз байланысты.
РСК: Шаруашылық 2358 гектар аумақта ғылыми жұмыстармен айналысады. "Жас ғалым" гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша ғалымдарға зерттеу жүргізуге 57 млн теңге бөлінді. Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша тағы 10 млн. берілген Аймақтағы жылыну мен құрғақшылыққа байланысты жаңа әрекеттер қажет. Сондықтан қуаншылыққа төзімді жемдік астық егу керек. "Тритикале" бидай сұрыпын өсіру қолға алынған.
СНХ: БОЛАТ ДҮЙСЕНОВ, ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Біздің Институт кезінде жақсы жұмыс істеп тұрды. Қаржыландыруға байланысты мәселелер туындады. Ең бастысы - біз негізін сақтап қалдық. Мамандар да қалды. Ең алдымен, кадрларды тәрбиелеу керек.Сондай-ақ тағы да бәрін құттықтағым келеді.
СНХ: ӘДІЛБЕК СЫЗДЫҚАЙЕВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бәріміз қарап отырмыз ауыл шаруашылыққа қандай жаңадан технология келеді. Сол сіздерге тілек – жұмыстар жемісті болсын. 65-жылдық құтты болсын.
РКС: Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы 51 ұсыным мен монография әзірледі, 12 ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді. 5 ғылым докторы және 12 ғылым кандидаты, 9 PhD докторы дайындалды. Көпжылдық шөптер мен картоптың өсірілген сорттары патенттелген.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ