ДИКТОР: Атбасар аудандық мәдениет үйінде ғимараттың қасбетін күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді. Ауқымды шаруа сәуір айында басталды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Атбасар ауданындағы мәдениет үйі 1976 жылы тұрғызылған. Алғашқы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған. Сол кезде жұмыстар нысанның ішінде ғана жүргізілген. Кейін, 2020 жылы шатыры жаңарыпты. Биыл боса, ғимараттың қасбеті күрделі жөндеуден өтуде.

СНХ: ЖАНАР СӘРСЕМБЕКОВА, АТБАСАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алдымен демонтаж жұмыстары жүргізілді. Қазір травертинмен қаптау жүріп жатыр. Жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Жалпы, жоба биыл қазан айында аяқталмақ. Мердігер – павлодарлық «СК ЭкоСтройГрупп» серіктестігі. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр, кестеден қалу жоқ. Біздің тарапымыздан ескертулер жоқ.

РСК: Мәдениет үйінде 50 адам еңбек етеді. Сондай-ақ, 25 шығармашылық ұжым бар. Оған 315 талантты жан мүшелік етеді.

СНХ: МЕРЕКЕ ЕРМЕКБАЕВА, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жетістіктеріміз өте көп. Мәселен, 2020 жылы "Ақмола жұлдыздары" облыстық көркемөнерпаздар байқауында бас жүлдеге ие болдық. Былтыр облыстық көркемөнерпаздар байқауында Атбасар ауданының әртістері 2 жүлделі орынға ие болды. Айта кетейін, біздің "Родничок" халық би ансамблі халықаралық байқауда гран-при иеленді.

РКС: Жалпы, Атбасар ауданында 40-тан астам мәдениет мекемесі бар. Оның 16-сы ауылдық мәдениет үйі, 20-сы ауылдық кітапхана болса, 1-еуі орталықтандырылған кітапхана мен 3 облыстық маңызы бар мұражай.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТҮЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ