ДИКТОР: Жаңа оқу жылында мектеп формасына қатысты өзгерістер бар. Негізгі талаптар сақталады. Тек ішінара киім түрлерін енгізу қарастырылған. Жаңашылдықтар жайлы әріптесім біліп келді.

РКС: 2016 жылдан бастап Білім Министрлігі міндетті мектеп формасын кию ережелерін бекетті. Бұл талаптардың негізгі мақсаты - мектеп формасын бірыңғай ету. Бұл ережеде мектеп киімінің салтанатты, күнделікті және спорттық түрлері анықталды.

СНХ: АЙГҮЛ МАГАВИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Салтанатты және күнделікті мектеп формасы ретінде костюм, ақ көйлек, тоқылған күртеше, жағалы футболкаға рұқсат етіледі. Бірақ бәрі классикалық стильде сақталады. Шалбар ұлдардың тобығына дейін болуы керек. Қыздарға да сол сияқты. Қыста тоқылған жемпір немесе күртеше және көйлек киюге болады. Сондай-ақ мектепке әртүрлі діни элементерді киюге тыйым салынады. Бұл ережелерде тек мектеп формасы ғана көрсетілген.

РКС: Тоқылған күртеше мен жағалы футболка киюге қатысты бұл өзгерістер 2023 жылы күшіне енді. Мектеп формасын қайдан сатып алуын ата-аналардың өздері шешеді. Мектеп қай матаны қолданған дұрыс екендігі туралы ұсыныстар береді. Ал ата-аналар балаларға мектеп формасын өздері алады.

СНХ: БАҒЛАН БИГОЖИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ № 2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мектеп формасының жалпы талаптары өзгермейді. Тек таңдау мүмкіндігі кеңейеді. Сынып жетекшілерінің бұйрығы негізінде жиналыстарда ата-аналарға, көпшілікке айтып шешім қабылданды. Қолданыстағы мектеп формасымен қатар оқушыларға күртешелер мен жемпірге, кардигандарға ауыстыруа мүмкіндік беріледі. Бұл шешім мектеп әкімшілігімен, қамқоршылар кеңесімен және ата-аналар комитетімен талқыланып қабылданды.

РКС: Бұл талаптар оқытудың зайырлы сипатын іске асыруға бағытталған. Сондай - ақ білім алушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтар белгілерін жоюға арналған, - дейді сарапшылар. Мектеп формасын кию талаптарын орындалуын білім беру мекемесінің мұғалімдері қадағалайды.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ