ДИКТОР: 2023 жылдан 2025 жылға дейін ауылдық жерлерде бизнесті дамыту үшін "АУЫЛ АМАНАТЫ" жобасы іске асады. Қазіргі уақытта бұл бағытта Атбасар, Жақсы, Аршалы және Біржан сал аудандарында жұмыстар белсенді жүргізілуде.

РКС: 2023 жылдың маусымында "Ауыл аманаты" жобасы басталды. Бағдарлама ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың табысын арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыруға Ақмола облысына шамамен 1, 2 млрд. теңге бөлінді. Биыл 27 маусымда несие беретін мекеме болып "KOKSHE " Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары" акцонерлік қоғамымен шарт жасалды.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шағын несие кімге беріледі? Біріншісі - зейнеткер жасына толмағандар, жұмыстан қысқарылып қалғандар, жұмыссыздар, түрлі тауарларды сату арқылы өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қосалқы шаруашылығы барлар, ақы төленбейтін отбасылық кәсіппен айналысатындар. Өтінім беру сәтінде табысы күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері, ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкер қатысуға құқылы.

РКС: Биыл шамамен 250 несие беру жоспарланған. Нәтижесінде 265 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Несиенің орташа соммасы 4,8 млн. теңге. Бұл бағдарламаға ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары қатыса алады. Шағын несиені өтеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттары несиелеумен қамтылады. Етті және сүтті бағыттағы мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру, техника мен жабдықтар сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес бизнестің басқа да түрлері қамтылған.

РКС: Қазіргі уақытта несие алуға 139 өтінім келіп түсті. Жалпы сомасы 872 млн теңге. Оның 19-ы мақұлданды. Сондай-ақ, облыста қысқа мал азығын дайындау белсенді жүріп жатыр. 1 миллион тоннадан астам шөп жиналды. Бұл жоспардың 77,4 проценті. Бір мын 600 ұжым жұмыс істеуде.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖУРСИН ӨМІРЗАК, КӨКШЕ АКПАРАТ