ДИКТОР: Облыстық «Ақ бидай» жазғы спартакиадасының бағдарламасы жыл озған сайын кеңейіп келеді. Бұл бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізуде.

РКС: Осымен 34-ші мәрте өткен жазғы спартакиадада шахматшылар мен дойбышылар сайысына жастар мен қатар егде тартқан адамдар да көптеп қатысты. Олардың алды ел чемпионаттарында жүлдегер және жеңімпаз болған спортшылар.

СНХ: ҚАЙРАТ АХМЕТОВ –ШАХМАТШЫ (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): Мен шахматпен мектепте оқып жүрген кезден тұрақты айналысамын. Талай жарыстарда жеңімпаз болдым. Жазғы спартакиадаға жан-жақты дайындықпен келдім. Өйткені оған облысымыздың ең мықты шахматшыларымен дойбышылары қатысады. Оларды жеңу оңай емес. Алайда, күштілердің чемпион атанары сөзсіз.

РКС: Шахматшылар мен дойбышылар Каменка агротехникалық колледжінің жатақханаларына орналасып, оқу кабинеттерінде ойындар өткізді.

СНХ: ДӘМЕЛІ АХМЕТОВА – ДОЙБЫШЫ (ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ): Біздің команданың құрамы спартакиаданың алдыңда іріктеліп оқу жаттығу жиынынан өттік. Шахматшылар мен дойбышыларымыз өте тәжірибелі жандар. Жарыс өтіп жатқан Каменка агротехникалық колледжінің ұжымына алғыс шексіз. Жатар орын, асхана өте жайлы. Табиғаты қандай тамаша.

ИНТЕРШУМ

СНХ: КОНСТАНТИН КУДИН – КАМЕНКА АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жазғы спартакиаданың Сандықтау ауданында өтуі біз үшін мақтаныш және жауапкершілік жүктейді. Спортшыларды күтіп алуға бірнеше апта дайындалдық.Бұл жауапты жұмысқа білім ошағының барлық қызметкерлері атсалысты.

РКС: Облысымызда зияткерлік ойындар өріс алып келеді. Ол жазғы спартакиада кезінде айқын сезілді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ