ДИКТОР: 1954 жылы Біржан сал ауылында отау құрған Бейсенбай атамыз бен Үрләпия апамыздың шаңырағында 15 сәби дүниеге келген. Оның жетеуі ұл, сегізі қыз. Әжеміз 2 мәрте «Батыр ана» атанған.
РКС: Жастайыннан темір тұлпардың тізгінін ұстаған атамыз өмірінің соңына дейін жүргізуші болған. Биыл атамыздың дүниеден өткеніне 32 жыл өтсе, апамыз 2015-ші жылы көз жұмды. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бауырлар шаңырақтың түтінін тұтатып, ата-аналарының бастарына барып құран бағыштады.
ИНТЕРШУМ: Зират басында құран оқу
РКС: Заманның қиын-қыстауына қарамастан 15 баланы тәрбиелеген алтын құрсақты ана, балаларынның бәріне білім берген. Соның бірі, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген Айгүл Бейсенбайқызы өзінің алғашқы білім ордасына келіп сағынышын басты.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНОВА, БЕЙСЕНБАЙ ӘУЛЕТІНІҢ ҚЫЗЫ: Менің барлық ағайындарым мен апаларым осы мектепте білім алды. Ол білім ошағы біз үшін өте қымбат. Бұл мекте түлектердің кездесулері жыл сайын өтіп тұрады. Біз міндетті түрде келеміз. Біздің барлығымыздың балалық шағымыз осы Біржан сал ауылында өтті өтті. Ол біздің туған жер.
РКС: 15 баланың барлығы да отау құрған. Араларында көпбалалы шаңырақтар да бар. Бүгінде бұл әулеттен 65 немере және 103 шөбере тараған.
СНХ: СЫМБАТ АМАНГЕЛДІНОВА, ЖИЕНІ: Менің анам Майра. Атамыз бен апамыздың 5 баласы, 2 қызы. Біздің отбасында 4 ағайындымыз. 2 ағам және 1 бауырым бар. Мен үйде жалғыз қызбын. Бүгін бізде үлкен той, көптен күткен той.
РКС: Оған қоса бұл отбасында бірнеше ұлттың өкілі бар. Олар неміс, орыс, татар, ингуш, өзбек. Себебі олармен құдандалы болған. Шаңыраққа жиналған туған бауырлардың әулетінде бүгін 200 ге жуық жан бар. Олар бір бүтін болып, дастарқан жайып мәре-сәре болды.
ИНТЕРШУМ: үлкен баласының алғыс айтуы
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.