ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Қанай би ауылында соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатылды. Онда 136 ардагердің есімі жазылған. Мемориалдық тақтаның ұзындығы-7 метр, биіктігі-1,70 метр.
РКС: Ардагерлерге арналған ескерткіш орнату Қанай би ауылы тұрғындарының бастамасы. Олар майданда қолына қару алып жаумен күрескен аталарын ұмытпақ емес. Бүгінгі құрмет те сол батырларға арналған. Соғыста қаза тапқан ардагерлерге тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.
ИНТЕРШУМ: үнсіздік
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қанай би ауылының туғандары бірлесіп, атқарған жұмысының жемісі. Осы ауылдан 113 соғысқа кеткен. Есімізде әрдайым. Ешқашан ұмытылмайды. Барлық аталған есімдерге бүгін құран бағыштап, еске аламыз. Ата қазақ айтқандай, бірлік болмай тірлік болмас!
СНХ: ЖАНАЙДАР ҚАБДЫРАХМАНОВ, ҚАНАЙ БИ АУЫЛЫНЫҢ ИМАНЫ: Ата-бабамызға мінекей сонау ұлы соғыста қатысқан ардагерлерге мінекей ескерткіш ашып, соларға мінекей елде қызық-қуаныш болсын деп, артымыздағы ұрпақтарымызға ескерткіш болсын деп ескерткіш ашып жатырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тиыш болсын!
РКС: Ескерткіштің ашылуына ауыл тұрғындары, жергілікті билік өкілдері және еліміздің әрбір жерінен келген майдангерлердің туыстары қатысты.
СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖАРЫЛҚАСЫП, ҚАНАЙ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: Біз соғыс ардагерінің баласымыз. Әкеміз соғысқа қатысты. Ертеңгі болашаққа осы аталарының кешегі қан майданда опат болғаны. Одан аман қалғандар келіп. Үлкен еңбек істеп, елге қызмет істеп. Одан қалды мынау соғыс кезінде елдің ішінде талай жасы жетпей қалғандар. Одан ата-әжелеріміз деловые труженики тыла солай еңбек істеген. Соғысқа астық жіберген, тамақ жзіберген. Сондай үлкен еңбектерін қосқан. Енді айта берсек көп бәрі. Мынау келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, осы біздің елімізге, ұлан байтақ жерімізге. Біздің ұрпағымыз аман сақтап, мирас қыла берсін. Еліміз гүлдене берсін, жаңдана берсін. Халқымыз аман болып, осындай бірлікте болайық!
СНХ: НАҒИПА НАҚЫШЕВА, ҚАНАЙ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: Әкеміз Аманбай Мақышұлы соғыс ардагері. Сол баяғы өтіп кеткен соғыстың зардабының, соғыстың қиындығының бір елесі көзіміздің алдынан өткендей болды. Аталарымыздың, бабаларымыздың жатқан жері жайлы болсын. Біздің өміріміздің осындай жайлы болуына, мәнді болуына, сәнді болуына сол кісілердің арқасы деп білемін.
ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді
РКС: Іс-шара ауыл әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ