ДИКТОР: Есіл ауданында джиу-джитсу спорт клубының жұмыс істеп тұрғанына 6-шы жыл. Бүгінде жекпе-жек сабақтарына ұлдармен қатар қыздар да қатысуда. Балуандар халықаралық жарыстарды бағындырып, жүлдегер атанып жүр. Айта кету керек, спорттың бұл түрі өңірде танымалдылыққа ие болып келеді.

РКС: Джиу-джитсудың икемді әрі қозғалыс техникасының бірегейлігі ерекше. Споршыларға сол әдісімен ұнайды. Бүгінде Қазақстандағы ең танымал спорт түрінің бірі. Облыстың аудандарында да қарқынды дамуда. Есіл ауданының Знаменка, Мәскеу және Юбилейное ауылдарында джиу-джитсу спорт клубының филиалдары ашылды. Клуб тәрбиеленушілері облыстық, республикалық жарыстарда, тіпті әлем чемпионаттарында бой көрсетіп жүр.

СНХ: БЕКЗАТ БАЙМҰРАТОВ, «ESIL TOP TEAM» СПОРТТЫҚ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің шәкірттеріміздің арасында жүлдегерлер де, әлем чемпиондары да бар. Алдағы уақытта ауылдық округтерде джиу-джитсу спортын, салауатты өмір салтын насихаттауды жоспарлап отырмыз. Ауыл балалары спортпен шұғылданып, әлемді аралап, үлкен жетістіктерге қол жеткізсін деген мақсатты ұстанамыз.

РКС: Спорт клубында барлық филиалдар бойынша 150 балуан бар. Бүгінгі таңда тәрбиеленушілердің арасында, жақын арада әлемдік аренада ауданның ғана емес, сонымен тұтас елдің намысын қорғайтын спортшылар да бар.

СНХ: ДАНИЭЛЬ БЕЛКО, СПОРТШЫ: 3 жыл жаттығып, әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Қараша айында өтеді. Менің жеке қоржынымда 15 медаль бар. Марапаттауларда да кенде емеспін. .

РКС: Сондай-ақ, 25-ші тамызда Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін әлем чемпионатына Есіл ауданынан 5 оқушы қатысады. Олар дүбірлі додада Қазақстанның намысын қорғайды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.