ДИКТОР: Берлинде өткен Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарында Қазақстандық атлеттер топ жарды. Пауэрлифтингтен ел намысын қорғаған Ақмола облысының спортшылары қоржынға 12 медаль салды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Шортанды ауданы Жолымбет кентінің Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне «Нұрбанк» акцинерлік қоғамы қолдау көрсеткен.

РКС: Жақында қазақстандық спортшылар Берлинде өткен Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарынан оралды. Басты жарыстың жүлдегерлері қатарында Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қамқоршылары да бар. «Нұрбанк» акционерлік қоғамы орталықтың 3 тәрбиеленушісіне олимпиадаға жолдама алып беріп, спортшыларды қолдады.

СНХР: БОТА ТАНКАЕВ, «НҰРБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Банктің әлеуметтік саясаты мұқтаж адамдарға берілетін атаулы көмек көрсетуге бағытталған. Демеушілік бастамаларды таңдау кезінде, біз әлеуметтік жауапкершілік, шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа аламыз. «Нұрбанктің» Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентіндегі «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығымен ынтымақтастық дәстүрі қалыптасқан. Балалардың еңбексүйгіштігі, мақсатқа ұмтылуы мен керемет табандылығы жаңа спорттық белестерге жетуіне және әлеуметтік бейімделуіне өзіндік трамплин болатынына сенімдіміз.

РКС: Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындары - әлемдегі ең ірі инклюзивті спорттық шара. Бұл халықаралық қозғалыстың басты мақсаты, зияткерлік және өзге де ерекшеліктері бар адамдарға, әлеуметтік өмірдің белсенді қатысушысы болуға көмектесу. Бұл ойындар әр 4 жыл сайын өтеді. Берлинде зияткерлік және өзге де ерекшелігі бар бірнеше мың атлет спорттың 26 түрінен сайысқа түсті. Соның ішінде, Жолымбет кентінің Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үш атлеті – Иван Әлиев, Оксана Сарычева мен Александр Андрющенко пауэрлифтинг жарысына қатысып, Қазақстанның намысын қорғады.

СНХР: ЕРЛАН ШАХМЕТОВ, ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің балаларымыз өте жақсы спорт көрсетті. Ең біріншіден рахмет айтайын дегем спорнсорларға, ол - "Нұрбанк" Олар бізге жол бағытын төледі. Соларға көптен-көптен рахмет.

РКС: Германияда өткен жарыста біздің спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, қазақстандық құраманың қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль салды. Олар дайындықтың жоғары деңгейін көрсете білді.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ