ДИКТОР: Бұланды ауданында 38 елді мекен болса, оның 8-і су желілерін салуды немесе қайта жаңғыртуды қажет етеді. Биыл 7 ауылға су құбырын жөндеу жоспарланып, оған 2 млрд теңге бөлінді.

РКС: Вознесенка ауылында 20 жылдан астам уақыт орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Ағын судың жоқтығы, тұрғындардың кетуі және жұмыс істемейтін инфрақұрылым елді мекеннің толық құлдырауына әкелді. Соңғы уақытта Вознесенкада жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу жұмыстары басталды. Соның ішінде су мәселесі де шешімін таппақ.

СНХ: ДАСТАН ХАМЗИН, НЫСАН ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі уақытта жоспар бойынша 42 км бар, 9-ы аяқталды. Ауыл үлкен, 2 жағаға бөлінген - сол және оң. Қазір жобаны түзетуге жібердік, шешімін күтіп отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда бірден осында жұмысшыларды әкелеміз. Жалпы, биыл су құбырларын тартуды көздеп отырмыз, келесі жылға үйлерді қосу қалады.

РКС: Жергілікті тұрғындар жұмыстың басталғанына риза. Олардың айтуынша, судың арқасында ауылдың тұрмысы жақсарып, жаңа жобалар жүзеге асырылады.

СНХ: ТӨЛЕУЖАН ЖҮНІСОВА, ВОЗНЕСЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көп жыл күттік! Қиналдық, сусыз жүрдік, светсіз жүрдік. Енді мына балалар келіп, 1 ай болды су тартамыз деп жұмыс істеп жатыр. Адамның арманы соңғы сәтте өледі деген сияқты, ұмітіміз ақталып жатыр! Су тартып жатыр. БДиыл бәріне тартып боламыз дид, келесі жылы су береміз дейді. Құдай сәтін салфып бітетін болсын! Ауылға шам тартайын деп жатыр, бүкіл көшелерге. Ол да жаңалық! Көшелерге тас төсеп, құм төсеп жөндейін жатыр. Мұның бәрі бір жылда бізге үлкен жаңалық. Көп жыл күттік, арманымызға жеттік!

РКС: Осындай жұмыстар Қараөзек ауылында да жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 811 млн теңге болса, биыл 363,5 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысын орнатып жатыр.

СНХ: ЕЛУБАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, НЫСАН ЖЕТЕКШІСІ: 10 тамызға дейін су тазарту жүйесін тапсырғымыз келеді. 98% орындалды, су тазарту қондырғысы мен дизель генераторын орнату ғана қалды. Біз қазір осымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, сүзгілерге тапсырыс бердік, контейнерлерді орнатқаннан кейін сүзгілер келеді. Біз бір уақытта қосуды жоспарлап отырмыз.

РКС: Жалпы, Бұланды ауданына қарасты 7 ауылдың су желілерін қайта жаңарту немесе салу қажет. Сондай-ақ, аудан орталығындағы жөндеу жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. Жоспарға сәйкес Макинск су құбырын қайта жаңғырту құны 5 млрд теңге.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ