ДИКТОР: Биыл «Ұмай» бағдарламасы бойынша әйелдерге ипотекалық несие беру үшін 15,6 млрд теңге бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша сатып алынатын баспананың шарықтау құны 30 миллион теңгеден аспауы тиіс. Отбасы банкінде өтінім қабылдау 19-шы шілдеден басталады.

РКС: «Ұмай» әйелдер ипотекасы 2021 жылы ьасталды. Аталған бағдарлама нәзік жандылардың жеке баспанаға және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін құрылған. Тұрғын үйді Астана, Алматы, Ақтау мен Атырау қалаларын есептемегенде, Қазақстанның кез-келген өңірінен сатып алуға болады.

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖҰМАН, «ОТБАСЫ БАНКІ» КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫ КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Ертең өтінімдер қабылдау басталады. Қаражаттың сомасы шектеулі. Сондықтан банк кез келген сәтте өтінімдер қабылдауды тоқтата алады. Кім де кім баспаналы болғысы келсе, ерте хабарласқаны жөн. Өтінішті тек филиалда ғана банк консультанттары қабылдайды. Интернет желісі арқылы қызмет көрсетілмейді.

РКС: Соңғы екі жылда 2 мыңнан астам адам жеке баспанаға қол жеткізген. Аталған бағдарлама тек ресми түрде жұмысы бар нәзік жандылар ғана арналған. Тағы бір басты шарты-отбасылық жиынтық табыс 640 мың теңгеден аспауы тиіс.

СНХ: СӘУЛЕ ҚОЖАҒҰЛОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: 19 шілдеден бастап «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданатынын тағы да еске салғым келеді. Бастапқы жарна 15 процент. Несиелендірудің мөлшерлемесі 14,4 процент. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15.4 процентке тең.

РКС: «Ұмай» бағдарламасы бойынша 6 айдан 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге болады. Баспана таңдауға шектеу жоқ. Жаңа және қолданыстағы үйді сатып алуға болады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ