ДИКТОР: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай 1-нші шілдеден бастап, табиғатты қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы өсті. Мемлекет басшысы осы сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту туралы тапсырма берген еді. Еңбек өтілі ескеріледі. Енді олар 300 мың теңгеге дейін еңбекақы алады.

РКС: «Бұқпа» орман шаруашылығының аумағы 2 мың гектарға созылған. Табиғаттың бұл аумағын қорғауға алған осы мекемеде 60-тан астам қызметкер еңбек етуде. Солардың бірі 20 жылдық еңбек өтілі бар Ғалымбек Батталов.

СНХ: ҒАЛЫМБЕК БАТТАЛОВ, «БҰҚПА» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы айда Президенттің бұйрығымен орманшыларға жалақысына 100 пайыз қосамыз деп жатыр. Оған біз өте қуаныштымыз. Себебі, орман шаруашылығында өте қиын жағдай, өрт те болады. Қысы-жазы қиыншылыққа қарамай, көп жұмыс істеп жатыр. Осы жалақыларын алып жақсы жұмыс істей ме деп ойлаймын.

РКС: Шаруашылықтың техникасы ескірген. Сонымен қатар, үлкен алқапта 1 ғана өрт сөндіру көлігі тұр. Аптаның жеті күні демалыссыз өтеді. Десе де, қиындықтан мойымай, өз ісіне шын берілген Қайрат Қасымұратовтың жасы 60-қа таяған. Әкем де осы жерде еңбек еткен. Сондықтан, менің тартынуға еш қақым жоқ,-дейді.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАСИМҰРАТОВ, ОРМАНШЫ: Көкшетау қаласының ішіндегі «Бұқпа» орман шаруашылығында 28 жылдан артық еңбек етіп жатырмын. Қазір өзімнің охватымда 465 гектар жер бар. Соның ішінде 91 гектар қарағайлы жер, қалғаны сол мынау қайыңды жер. Еңбегіміз бұрын 42 мың 500-ге істегенбіз. Қазіргі уақытта міне кішкене қосты. Орманды аралауға техника да жоқ. Ескі көлігім бар. Сонымен жүремін. Еңбек ақымызды қосып, көлік жағдайын да , форма одежды дейді, соның бәрін берс,е құба-құп болар еді.

РКС: Жас мамандарды табиғатты аялау ісіне араластыру, кадрларды тұрақтандыру мақсатында қабылданған шара оң нәтижесін береді деген сенімде мамандар.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ