ДИКТОР: 12 шілдеде Иордания астанасы - Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Сайыста грек-рим күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 8 медаль алды. Жарыстың алғашқы күнінде боз кілемге грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шықты. Олардың арасынан қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола алды. Ел құрамасынан Диас Маратов, Досбол Шәміл және Әбілмансұр Ахалбек жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Мәрлен Мейірбекұлы мен Аянбек Ибраев күміс алса, Сұлтан Мәулітханов, Сұңқар Зарап және Дамир Ақан үздік үштікті түйіндеді. Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертең еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салады.