ДИКТОР: Биыл «Түркістан-Абу-Даби» бағытында әуе рейсі ашылады. Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстанбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу, Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Айта кетейік, Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны былтыр 373,8 мың жолаушыны құраған. Оның ішінде 81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24 процентке артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-ші орында тұр.