ДИКТОР: Шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кеткен, оның 3-і кәмелеттік жасқа толмаған бала. Өкінішке қарай, жыл сайын жаз мезгілінде Ақмола облысының су айдындарында 30-ға жуық адам қайғылы оқиғаға душар болады. Оның көбі арнайы мамандардың сақтық шараларына қатысты есркетпесіне құлақ аспаудан орын алып отыр.
РКС: Өңірде 4 жедел құтқару бекеті бар. Ол Қопа, Зеренді, Бурабай және Щучье көлдерінің бойында орналасқан. Осыдан бір ай бұрын шомылу маусымы басталды. Жағажайда демалушылар тарапынан немқұрайлылық тыйылар емес.
СНХ: АРЫСТАН САПА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: Жергілікті атқарушы органдармен және аудандық полиция бөлімшелілерімен күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. +скл+Ең көп тәртіп бұзышылық орын алатындар олар мас күйінде су айдындарында шомылады және де балаларды қараусыз қалдыру өте көп орын алады. +скл+Қазіргі таңда шомылуға тыйым салынған жерлерде өте көп адамдар суға түседі. Қопа көлінің жағасында 6 құтқарушы және 1 медбике жұмыс тәртібі бойынша жұмыстарын атқарады.
РКС: Облыста 561 су айдыны бар. Бірақ олардың барлығына шомылуға болмайды. Тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана суға түсу керек. Қазіргі уақытта су температурасы 14-16 градус.
СНХ: ДОСЫМ ЖОЛДАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көлге түсуге келдік. Көлге түсуге болады, су жылы. Ереже сақтаймыз!
РКС: Суға кеткен адамдардың басым бөлігі қарапайым ережеге құлақ аспағандар. Екіншіден, көп ретте демалушылар жағажайға мас күйінде суға түсуді әдетке айналдырады. Одан соң балаларымен демалуға барып, қараусыз қалдырады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін тағы да ескертеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ