ДИКТОР: Өңірде аутизммен ауыратын балаларға арналған лагерь ашылды. Онда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар жазғы демалысын өткізеді. Білікті мамандар қызықты тренингтер, шеберлік сабақтары мен спорттық сайыстар ұйымдастыруда.
РКС: Махаббат Қасымова ерекше баланың анасы. Ұлының мінез-құлқында аутизмнің барлық белгісін байқаған. Дәрігерлер оған аутизм спекторының бұзылуы диагнозын қойды. Генетикалық дертке шалдыққан талай бүлдіршінге инклюзивті орта құрып, қоғамда қолайлы жағдай жасау маңызды дейді ол. Лагерь «инклюзивті ата-аналар» қауымдастығының ұйтқы болуымен және демеушілердің қаражатынан ашылған.
СНХ:МАХАББАТ ҚАСЫМОВА, «ИНКЛЮЗИВТІ АТА-АНАЛАР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: Бізде аут йога деп аталалатын жаңа бағыт бар. Біз соны бір әдіс ретінде қолданайын деп отырмыз. Лагерьде балалардың ойын сергітуіне, танымдық бағытта жұмыс істеуіне көмектесетін мамандар бар.
РКС: Облыс орталығында ашылған лагерь аутист бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін тиімді. Олар балаларын таңғы тоғыздан түскі 1-ге дейін осында қалдырып, өздері жұмыс істей алады. Күніне 10-нан аса баланы қабылдайды. Лагерьде бүлдіршіндерді өмірге бейімдеуге ерекше басымдық береді.
СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мен ең алдымен ата-аналардың ерекше белсенділігін атап өткім келеді. Олардың қолдауы өте маңызды. Біз қоғамда осындай балаларға жағдай жасап, олардың өмірге бейімделуіне көмектесуіміз керек.
РКС: Елімізде аутизммен ауыратын балаларға арналған жазғы және демалыс лагерлері өте аз. Бүлдіршіндердің толыққанды дамуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көбірек болса-, дейді ата-аналар.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ