ДИКТОР: Былтыр өңірде 7 мектеп аттестациядан қайта өтпей қалды. Сапасыз материалдарды ұсыну, оқу жоспарларына сәйкес келмеуі және түлектердің тестілеу кезінде межеден аса алмауы секілді олқылықтар анықталған. Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов мәлімдеді.
РКС: Жыл басынан бері 84 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациядан өтті.Оның ішінде 4 колледж, 2 мектеп пен 4 балабақша сыннан мүдірмей өткен. Алдағы уақытта тағы 88 мекемеге тексеріс жүргізіледі.Сала мамандарының айтуынша, сыннан сүрінген ұйымдарда мемлекеттік стандарттар сақталмаған.
СНХ: ОРАЛ ҚАППАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Білім беру ұйымдарында олқылықтарды жойған соң қайта аттестаттау кезінде 20 колледж, 12 балабақша, 20 мектеп тексеруден өтті.Биыл екінші жартыжылдықта сыннан сүрінген 7мектеп профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.
РКС: Өңірде 11 колледжде 36 мамандық бойынша 46 біліктілік лицензиясын қайтарды. Оқытуда сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Нарықта сұранысқа ие емес немесе кейбір мамандыққа қабылдау жүргізілмеген. Студенттер саны да өте аз болуы да негізгі себептердің бірі.
СНХ: ОРАЛ ҚАППАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін Департамент білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізеді. Мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеуге мониторинг жүргізу, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бақылауға алынады.
РКС: Анықталған мәселені шешу үшін мониторинг қорытындылары облыс әкімдігіне, білім басқармасы мен бөлімдеріне ұсынылады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ