ДИКТОР: Бұланды ауданындағы Алтынды ауылында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш кешен ашылды. Мәрмәр тасқа Отан үшін от кешкен 199 боздақтың есімі қашалып жазылып, кейінгі толқын ұрпақтың жадында мәңгі сақталып қалды.

РКС: 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысының майданында кешегі Кеңес Одағы әскерлерінің қатарында қаншама қазақ жауынгерлері қаза тапты. Олардың есімі ешқашан ұмытылмайды.

ИНТЕРШУМ

РКС: Бұрынғы Даниловка бүгінгі Алтынды ауылына Қазақстанның алыс жақын аймақтарынан және Бұланды ауданының төңірегінен халық көп жиналды. Ескерткіштің ақжамылғысы түсірілер сәтте өңір әкімі ақжолтай тілегін айтты.

СНХ: ТАЛҒАТ ЕРСЕЙІТОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

РКС: Ескерткіштің ашылу салтанатына еңбек ардагерлері, майдангерлердің кейінгі толқын буыны келіп, бабалар рухына тағзым етті. Олар сан ұлттың өкілдері еді.

СНХ: ҚАЗЫБЕК СМАҒҰЛОВ, ТЫЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

СНХ: ЖЕҢІС ЕСІМОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰЛЫ

РКС: «Болар істің басына, жақсы келер қасына» демекші «Даниловка және К» серіктестігінің бас директоры болып тағайындалған елжанды азамат Айбат Есентұров алдымен Алтынды ауылындағы, тозығы жеткен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішті қалпына келтіруге уәде берді.

СНХ: АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, «ДАНИЛОВКА ЖӘНЕ К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бірнеше жылға созылған Ұлы Отан соғысының жеңісін алып берген боздақтарды ешқашан ұмытуға болмайды. Мен де соғыс ардагерінің немересімін. Атамның ерлігін естіп өстім. Даниловкаға келген күннен бастап, соғыс ардагерлеріне арнап жаңа ескерткіш орнатуды алдыма мақсат етіп қойдым. Жүз ойланып, мың толғанып тұғырлы ескерткішті ең білікті шеберлерге жасату үшін тапсырма бердік. Оның дизайны бүгінгі заман талабына сай. Мәрмәр тасқа қашалар алдында соғыс ардагерлерінің есімін олврдың туыстарынан бірнеше мәрте сұрап білдік. Және ауылдық округке қарайтын ауылдардың да соғыс ардагерлерінің есімдері ұмыт қалмады. Мақсат – жастарға бабалар ерлігін паш ету.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ғасырлар өтсе де соғыс ардагерлерінің аты ұмытылмайды.

РКС: Алтынды ауылындағы соғыс ардагерлеріне ашылған ескерткіштің ашылу салтанатынан соң аруақтарға дұға бағышталып, ас берілді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.