ДИКТОР: Біржан сал ауданында тіл үйрететін жазғы лагерь ашылды. Мұндай жоба өңірде алғаш рет қолға алынды. Бүлдіршіндерге ағылшын тілін түрлі тәсілдер арқылы үйретеді. Мамандардың айтуынша, мұнда балалар әрі тынығады, әрі танымын кеңейтеді.
РКС: Демалыс орны тіл үйретудің арнайы бағдарламасын жасаған. «Ойын арқылы оқыту ең тиімдісі», - дейді мамандар. Сондай-ақ, жеткіншектердің шығармашылығын дамытып, сауаттылығын арттыруға да көңіл бөлінеді.
СНХ: БОТАГӨЗ БЕКЕНОВА, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ: Біздің әр маусым 10 күнге созылады. 70 балаға дейін қабылдай аламыз. Қазір лагерьде 50 бала демалып жатыр. Көбінесі Атырау, Ақтау, Петропавл тіпті Кипрден бүлдіршіндер келіп жатыр.
РКС: Балаларды облыстық педагогикалық жасақтың тәлімгерлері мен Назарбаев университетінің қызметкерлері оқытады. 10-нан аса тілді жетік меңгерген маман сол тілде еркін сөйлеп, жазуға септігін тигізеді.
СНХ: ДИСТЕР, АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ: Мен Батыс Африкадағы Гана қаласынан келдім. Америка құрама штаттарында тұрдым. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеймін. Бос уақытымды олармен өткізуге тырысамын. Волонтер де болдым. Қазақстанға келгенде кезде осы лагерьде Әнел есімді қызбен таныстым. Ол маған демалыс кезінде ағылшын тілін үйретуді ұсынды. Қуана келістім.
РКС: Алдағы уақытта қазақ тілін оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленеді.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА,ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ