ДИКТОР: Көкшетауда теңге ілу мен жамбы атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат басталды. Аламан бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 240-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыста үздік нәтиже көрсеткендер Қазақстанның ұлттық құрамасына енеді.
РКС: Республикалық чемпионат 22 маусымға дейін жалғасады. Түрлі аймақтардан келген теңгешілер «жеті құт», «бес белес» және «қос құлаш» стилінен бақ сынаспақ. Түркістан өңірінен келген Ғалшымжан Ізжанов, ұлттық спорт өнерінің шебері. Ол 2015, 2018 және 2019-шы жылы Азия чемпионатына қатысып, жүлдегер атанған. Сондай-ақ, биыл өткен Әлем чемпионатында алтынды еншіледі.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ІЗЖАНОВ, ТЕҢГЕШІ (ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ): Бірінші рет осындай ереже орнатылды «бес құт» пен «бес белес» деген. Сол жарыстар өте тартысты өтіп жатыр. Бүгін екінші орын алдым. Кеше «бес белестен» бірінші орын алдым. Балалардың бәрінің де дайындығы жақсы.+скл+ Түркістан облысында балалар жақсы дамып жатыр. Біздің еңкейетін, шабатын жігіттер өте мықты. Басқа облыстар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан сол облыстар біраз ақсандап тұр. Бірақ жайлап деңгейіне жетіп жатыр.
РКС: Ал жамбы ату спорты бойынша қатысушылар корей, түрік және қазақ стилінен сайысқа түспек. Жарыстың екінші күнінде 17 өңірден келген 24 шабандоз өз өнерін көрсетуде. Олардың ішінде 2018 жылы әлем чемпионы атанған Абзал Тұрлыбеков те бар.
СНХ: АБЗАЛ ТҰРЛЫБЕКОВ, ЖАМБЫ АТУШЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ): Бұл спортпен 2017-ден бері айналысып келе жатырмын. Чемпионат өте жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Өте қызықты өтіп жатыр. Қарсыластарымның дайындығы өте мықты. Атап өтетін Түркістан облысы, өте жақсы дайындалып келген. Басқа да облыстардың дайындығы көрінеді.
СНХ: НҰРКЕН БАЙБУРИЕВ, ҚР АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Осы чемпионаттың көрсеткішімен ұлттық құрама жасақталады. Басты мақсатымыз – келесі жылы елімізде өтетін бүкіләлемдік көшпенділер ойынына қатысу. Ол жерде үздік нәтиже көрсету. Соған жұмыс жасаймыз.
РКС: Қазір Қазақстанның ұлттық құрамасында 24 спортшы жамбы ату мен теңге ілуден тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Жарыс мәресіне жеткен бойда оның қатары тағы 24 шабандозбен толықтырылады. Кейін еліміздің кіл мықтылары Алматы қаласында өтетін халықаралық чемпионатта федерация кубогі үшін таласқа түспек.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ