ДИКТОР: Көкшетауда 11-ші маусымнан бастап жол жүру ақысы өседі. Оны сала мамандары жанар-жағар май мен автобустардың қосалқы бөлшектерінің қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Тағы бір айта кететін жәйт, 31 мамырда облыс орталығында қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің баламалы тәсілі енгізілді. Енді көкшетаулықтар жол ақысын банктік карталар арқылы да төлей алады.

РКС: Облыс орталығында жолаушыларды тасымалдайтын 3 мекеме бар. Үшеуінде де көлік жүргізушілері тапшы. Ал бұл өз кезегінде тасымалдау кестесінің бұзылуына және көлік қозғалысының кешкі уақытта қатынауының қысқаруына әкеп соғуда.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес қол карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде ересектерге 100тг, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 40 тг, сонымен қатар қолма-қол ақшамен төлеу кезінде ересектерге 180 тг, ал 7 мен 15 жас аралығындағы балаларға 70 тг бегілетін болады. Сонымен қатар айта кететін жайт, электронды жолақы төлем жүйесі автобустарда істемеген жағдайда, алайда жолаушылар картамен жүрген жағдайда жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады.

РКС: Жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктегі жолақысы мәселесі қашан да өзекті. Бұл жерде қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсірмей ме деген сауалдың туатыны заңдылық.

БЛИЦ:

– Білмейм енді қанша болады, сонша болады. Не істейміз? Бізден не зависит наверное я так думаю.

– Көкшетау қаласына қымбаттырақ деп ойлаймын. Астанада 80, 90 теңге, бізде қысбатшылық.

– Қымбаттайды ғой енді қазір 80-100 болады деп жатыр.

– Түсіру керек деп по идеи. Өйткені адамдар ары-бері жүреді, оған қолайлы болсын деп адамдарға. Менде карточка бар карточкамен төлеймін чисто. Енді 100 тг болса, ну 20 теңге қаржы емес деп ойлайм. Бірақ все-таки кейбір кісілер болады, 20 теігесі қалтасында болмауы мүмкін.

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ